Шаршағыштықтың ұлғаюы: белгілері, салдары және күресу әдістері

Ересектер мен балаларда тез шаршауды туындататын факторлар. Шамадан тыс шаршаудың себептері мен салдары.

Шаршау - дененің ұзаққа созылған физикалық және психикалық стресске берген табиғи реакциясы. Дегенмен, оны кез-келген әрекеттен кейін болатын жәй шаршаумен шатастырмау керек. Бұл шаршаудың, әдеттегі шаршаудан айырмашылығы, еңбекке деген өнімділіктің тұрақты төмендеуіне, назар мен есте сақтаудың нашарлауына әкелуі бек мүмкін. Шаршаудың негізгі белгілері - күнделікті іс-әрекеттер үшін энергияның үнемі жетіспеушілігі, баяу қозғалу және ұйқышылдық. Егер ағзаны қалпына келтіру үшін уақытында шаралар қабылданбаса, денсаулық пен психикалық жағдайға қауіп төнуі мүмкін.

Шаршау мен апатияның жоғарылауының себептері

Әлсіздік пен тез шаршап қалуға не ықпал етеді? Негізгі факторларға мыналар жатады:

  • жиі қайталана беретін күйзеліс қан қысымы мен дене температурасының жоғарылауына әкеледі. Тіпті тахикардияның туындауы ғажап емес;
  • теңгерімсіз тамақтану. Қатаң диета болса, ауыр физикалық жұмыс немесе қарқынды ақыл-ой белсенділігімен мүлдем үйлеспейді. Монотонды тағам, тым жоғары калория, бірақ іс жүзінде қоректік заттардан ада, сондай-ақ, жаңа піскен көкөністер мен жемістердің болмауы да тұрақты шаршау сезімін тудырады;
  • авитаминоз – түсініксіз жағдайдағы әлсіздіктің бір себебіне енетін дәрумендердің жетіспеушілігі болмақ. Айталық, В12 дәуменінің төмендігі қандағы гемоглобин деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Салдарынан авитаминозға айналдыруға ықпалды деген сөз;
  • шамадан тыс шаршау белгілі бір дәрі-дәрмектерді үнемі қолданғанда өршуі мүмкін. Бета-блокаторлар, седативтер жүрек-тамыр, жүйке және эндокриндік жүйелерге теріс әсер етеді;
  • қан айналымы жүйесінің аурулары жүрек жиі соғуы, ентігу, тыныс алудың қиындауы белгілерімен бірге жүруі мүмкін;
  • иммунитеттің төмендеуімен жүретін вирустық инфекциялар ішкі ағзаның жұмысын бұзады;
  • шаршағыштықтың жоғарылауы әйелге ғана тән кейбір физиологиялық процестермен де бірге жүреді (жүктілік, етеккір, климакс және т.б.);
  • психологиялық мәселелер және оларды шешуде жан-жақты көмектің болмауы;
  • әртүрлі эндокриндік патологиялар (қант диабеті, гипотиреоз) – ағзаның күйін төмендетіп, өте ауыр жағдайда шаршауына алып келеді.

Шаршаудың негізгі белгілері

Шаршаудың екі түрі бар: физикалық(миастения) және ақыл-ойға байланысты. Біріншісі бұлшықет әлсіздігіне тікелей байланысты, тіпті сәл қимылдаса болды өзін шаршаңқы сезінеді. Көбінесе миастения 20-дан 40 жасқа дейінгі әйелдерде гормоналды өзгерістер (жүктілік, босану, лактация) кезінде байқалады. Психикалық тұрғыдан шамадан тыс жұмыс – бұл ақыл-ой жұмысының жүктемесінен кейін пайда болатын шаршау көрінісі. Ол жиі бас ауруымен, үнемі мазасыз болу және алаңсыз жүре алмайтын қасиетімен ерекшеленеді.

Шаршаудың басқа белгілеріне мыналар жатады:

  • ұйқының бұзылуы;
  • еңбек өнімділігінің нашарлауы;
  • тітіркену және көңіл-күйдің өзгеруі;
  • терлей беру;
  • бас аурулары;
  • тәбеттің төмендеуі және жүрек айнуы.

Шаршау кезеңдері

Шаршаудың 4 түрі бар:

  • біріншісі - аздап шаршаған күй. Ол жеңіл психологиялық тұрғыдан аздаған өзін жайсыз сезінуі мен жұмысқа қызығушылықтың төмендеуімен көрініс табады. Ұйықтай алмау және таңертең ояна алмау проблемалары туындайды;
  • екіншісі – шаршаудың бұл кезеңі жұмысқа қабілеттіліктің және төзімділіктің төмендеуімен сипатталады. Күнделікті тірлікте бейберекетсіздік артады, маңайындағы шаруаларға дұрыстап мән беріп қарауы төмендейді;
  • үшінші бөлімдегі шаршау түрі тым қатты әлсіздік, күштің жоғалуы және тіпті таңертең ұйқыдан ояна алмау әрекеттерімен жүреді. Сонымен қатар, қарапайым шаруалар үлкен қиындықпен орындалады. Ал, жасау керек болған жағдайда табанда өзін жинап жұмысты айтарлықтай оңай орындап тастайды;
  • төртіншісі – тым қатты шаршаған жан барынша әлсіз келеді, иммунитеті төмендеп, ұйықтай алмайтын жағдайға жетеді. Мұндайда, өзіне келу үшін арнайы ем-шара жүргізу қажет.

Үнемі шаршай берудің қауіпі қандай?

Алдын алмаған және ағзаға уақтылы көмек болмаған жағдайда шаршаудың соңы неге әкеледі? Ұзаққа созылған шаршау жағдайының мынандай зиянды салдарлары болуы мүмкін:

қан қысымның тұрақты жоғарылауы, жүректің соғу жиілігінің жоғарылауы және қандағы оттегі деңгейінің төмендеуі әсерінен пайда болатын жүрек қантамыр жүйесі аурулары;

ұйқының бұзылуы, есте сақтаудың нашарлауы. Оттегінің, дәрумендердің және микроэлементтердің жетіспеушілігі мидың белсенділігіне және жүйке жүйесіне теріс әсер етеді;

иммундық жүйенің әлсіреуі - бөгде жасушаларды танып, жоятын лимфоциттер мен гранулоциттер санының төмендеуі.

Жиі шаршай беру сезімімен қалай күресуге болады?

Шаршау күйін төмендетуге көмектесетін бірнеше қарапайым әдістер бар:

  • Дұрыс және бірқалыпты режим маңызды. Бір уақытта ұйықтап, бір уақытта оянған дұрыс, ал кемінде 8 сағат ұйықтауға қажет.
  • Белсенді өмір салты. Күнделікті таңертеңгілік жаттығуларға, таза ауада серуендеуге (кемінде 30 минут), фитнес залындағы сабақтарға (аптасына 1-2 рет) әл-ауқаттың айтарлықтай жақсаруына көмектеседі.
  • Құнарлы құрамнан тұратын толыққанды тамақтану режимі. Сонымен қатар мәзірге биологиялық белсенді қоспаларды, пайдалы шөптер мен өсімдіктердің сығындыларынан тұратын табиғи кешендерді қосқан жөн. Олардың дәрілік препараттардан айырмашылығы, дәмі жағымды болғандықтан оңай ішесіз және жанама әсерлер тудырмайды.

Шаршаған кезде не ішу керек, күш пен энергияны қалпына келтіру үшін қандай қоспаны таңдау керек - созылмалы шаршау синдромы туралы мақаладан оқи аласыз. Ұйқы мен тынығудың сапасын жақсартуға, иммунитетті қалпына келтіруге және сақтауға көмектесетін биологиялық белсенді қоспалардың барлық спектрімен танысу үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Закрыть
Оставьте заявку
мы с вами свяжемся

Нажимая на кнопку "ОТПРАВИТЬ", я даю согласие на обработку персональных данных