Қант диабетіне арналған биологиялық белсенді қоспалар
Табиғи биоқоспалар - қант диабетін емдеу және алдын алудың негізгі әдісі. 1-ші және 2 типті қант диабеті үшін ең тиімді биоқоспалар.

Қант диабеті – зат алмасудың бұзылуымен байланысты жүретін созылмалы ауру. Ағзаның барлық жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті глюкоза қанда жинала бастайды, бұл өмірлік маңызды органдардың (жүрек және қан тамырлары, бүйрек, бауыр) зақымдалуына әкеледі.
Жағдайды тұрақтандыру және қант деңгейін төмендету үшін дәрі-дәрмектерді үнемі қабылдау ғана емес, сонымен қатар дұрыс тамақтану қажет. Дегенмен, дұрыс тамақтану ағзаны қажетті микроэлементтермен толық қамтамасыз ете бермейді. Азық-түлік өнімдерінің сапасыздығы, олардың қарқынды термиялық өңдеуі, сондай-ақ метаболизмнің бұзылуына байланысты қоректік заттардың нашар сіңуі - мұның бәрі денсаулықты жақсартпайды. Керісінше, түрлі сырқаттардың пайда болуына жол ашуы мүмкін.
Қант диабеті кезінде ББҚ-дың пайдасы
Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) - пайдалы заттардың көп мөлшерін қамтитын табиғи өнімдер. Олар инсулиннің дұрыс мөлшерін өндіруге және дәрілердің денеге зиянды әсерін бейтараптандыруға көмектеседі.
Биоқоспалар мыналарға көмектеседі:
- иммунитетті көтеруге. 1-ші немесе 2-ші типті қант диабеті кезінде биоқоспалар дененің табиғи қорғанысын сақтау үшін қажетті дәрумендердің, минералдардың және басқа микроэлементтердің жетіспеушілігін өтейді;
- қарынның аша беру сезімін азайтуға. Қант диабетін емдеуге арналған шөптік өнімдерді қабылдау гормондарды қалпына келтіреді, тәбетті азайтуға көмектеседі;
- қандағы глюкоза деңгейін төмендетуге. Жоғары сапалы тағамдық қоспаларды ұзақ уақыт пайдалану қанттың көтерілу қаупін азайтады және емдеудің тиімділігіне өз әсер береді.
Диабет кезінде қант деңгейін төмендету үшін ББҚ-ды қалай таңдау керек?
Қант диабетін емдеуге және алдын алуға арналған биоқоспалар - капсулаларда, таблеткаларда және шөптік препараттарда (шайлар мен тұнбалар түрінде) болады.
Әдетте, таблеткалар мен капсулалар дәрілік шөптер мен өсімдіктердің сығындылары, сондай-ақ жануарлардан алынған бірегей компоненттер түрінде (мысалы, табиғи бие сүтінен) болады. Шөп шайлардан айырмашылығы, бұл ББҚ-ды қолдану оңай, дозалануыда жеңіл әсер етеді және бірнеше ай бойы курспен қолдана аласыз.
Қант диабетіне арналған ең үздік ББҚ
Қант диабеті кезіндегі ауыр асқынуларды болдырмауға көмектесетін ең тиімді биоқоспалар мыналарды қамтиды:
- Альфа-липой қышқылы - тағамды энергияға айналдыруға көмектесетін антиоксидант. Қосымша липидтер мен көмірсулар алмасуын қалыпқа келтіруге ықпал етеді, сонымен қатар холестерин деңгейін реттейді. Өнімді үнемі қолданғанда глюкоза деңгейінің айтарлықтай төмендеуі және әл-ауқаттың жалпы жақсаруы байқалады.
- В дәрумендерінің мол қоры бар қоспалар, сондай-ақ калий, мырыш, магний және басқа микроэлементтер – тіндердің инсулинге сезімталдығын арттырады, гликирленген гемоглобин деңгейін төмендетеді. Айталық, бұл ретте қара зире майын ұсынуға болады. Өнімнің қабынуға қарсы және қалпына келтіретін әсері бар, эндокриндік жүйеге де пайдалы әсер етеді. Өнімде бөгде қоспалар мен ГМО компоненттері жоқ. Соның арқасында іс жүзінде ешқандай қарсы көрсетілімдер болмаған. Тіпті балалар да қабылдай алады. Зире майының ерекше қасиеттері туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.
- Джимнем сығындысынан даярланған биоқоспалар. Олардың құрамындағы гликозид, гурмарин және түрлі белсенді заттардың мол көлемі көмірсулар алмасуына оң әсер етіп, ішекте глюкозаның сіңуін төмендетеді.
- Қант деңгейін төмендететін қалақай, жабайы раушан, қарақат, басқа да өсімдік сығындыларының шайлары липидтер мен көмірсулар алмасуын орнатуға, су-тұз балансын қалпына келтіруге көмектеседі. Өсімдік сығындылары қандағы глюкозаның концентрациясын төмендетеді, қызба және қабынумен күреседі. Бір сөзбен айтқанда қант диабетінің тұрақты көмекшілері.
Дәрі-дәрмектерді қабылдаумен қатар биоқоспаларды үнемі пайдалану денсаулық жағдайын айтарлықтай жақсарта алады, сондай-ақ қант диабетінің тамаша профилактикасы болады.




