Онкологиялық аурулардың алдын алудың ерекшеліктері
Онкологиялық аурулар: белгілері, біріншілік және қайталама алдын алу шаралары. Биологиялық белсенді қоспалардың көмегімен қатерлі ісіктен қалай аулақ болуға болады.

Рак (қатерлі ісік) – әлем бойынша 19 млн-нан астам адам зардап шегіп жүрген, өте кең таралған дерт. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, онкология – жүрек-қан тамырлары және жұқпалы аурулармен қатар келе жатқан, өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Әдетте, адамдар денсаулығына байланысты проблемалар басталмайынша немесе қорқынышты белгілер пайда болғанша өмір салты туралы сирек ойлайды. Біз аз қозғаламыз, ластанған ауамен тыныс аламыз, калорияға және жылдам көмірсуларға бай тағамдарды ұнатамыз және үнемі стресстік жағдайларға тап боламыз. Барлық осы факторлар жасушалық метаболизмнің қауіпті бұзылуы, яғни қатерлі ісіктердің пайда болуын тудыруы мүмкін . Бұл кезде жасушалар бақылаусыз бөліне бастап, әдеттегі шекарасынан шығып, басқа ұлпалар мен мүшелерге (метастаздар) енеді.
Дегенмен, онымен күресуге тырысқаннан гөрі, аурудың басталуын болдырмау әлдеқайда оңай. Мұндай жағдайларда қатерлі ісік ауруының профилактикасы ретінде - дерттің алдын алуға, сондай-ақ дененің өзіндік қорғанысын күшейтуге бағытталған шаралар кешені маңызды рөл атқарады.
Қатерлі ісік факторлары
Ауруды қоздыратын негізгі себептерге мыналар жатады:
- Адамның жас ерекшелігі - қатерлі ісік ауруының даму қаупі әсіресе егде жастағы адамдарда жоғары;
- Генетикалық бейімділік (егер жақын туыстарының біреуінде қатерлі ісік болса);
- Зиянды әдеттер;
- Дұрыс тамақтанбау (қанцерогендердің көп мөлшері бар қуырылған және ысталған тағамдарды рационға қосу);
- Физикалық белсенділіктің болмауы;
- Әлсіз иммунитет;
- Нашар экологиялық жағдай;
- Иондаушы және ультракүлгін сәулеленудің ұзақ әсер етуі (жиі рентгендік зерттеулер, күннің тұрақты әсер етуі);
- Жиі стресске ұшырау.
Қатерлі ісіктің негізгі белгілері
Басты қауіп ретінде ісіктің ерте сатысында анықталуының қиындығын атап өту керек. Симптомдар жеңіл немесе мүлдем болмауы мүмкін. Сондықтан біз оларға мән бермейміз, немесе оларды басқа аурудың белгілері ретінде қабылдаймыз.
Осы себепті келесі белгілерге назар аудару маңызды:
- ешбір себепсіз күрт салмақ жоғалту (5 кг немесе одан да көп);
- шаршау, әлсіздік, өнімділіктің төмендеуі;
- тұрақты бас аурулары;
- денедегі туабітті дақтардың түсі, өлшемі, қалыңдығының өзгеруі;
- зәр шығару проблемалары (жиі немесе сирек, ауырсыну, қанның қоспасы бар);
- тұрақты жөтел, тұрақты тамақ ауруы, жөтел кезінде ұйыған қанның пайда болуы;
- жаралардың жазылуының нашарлауы.
Егер симптомдардың кем дегенде біреуі бар болса, сіз дереу дәрігермен кеңесіп, барлық қажетті сараптамалардан өтуіңіз керек. Өйткені, ерте диагностика онкологияның дамуын және оның ауыр зардаптарын болдырмаудың ең тиімді жолы болып табылады.
Қатерлі ісік патологиясының алдын алу: түрлері мен әдістері
Денсаулық жағдайына және аурудың сатысына байланысты алдын алу шаралары бастапқы және қайталама профилактика болып бөлінеді.
Қатерлі ісіктің бастапқы профилактикасының негізгі ережелері
Онкологиялық аурулардың алғашқы профилактикасы - бұл ісіктердің даму қаупін болдырмауға және қауіп төндіретін факторларды жоюға бағытталған шаралар кешені. Ол салауатты өмір салты ережелерін сақтауды және иммундық жүйені нығайтуды қамтиды:
- Теңгерімді тамақтану – рационға жаңа піскен көкөністер мен жемістерді қосу, қуырылған, ысталған тағамдардан бас тарту, иммунитетті нығайтуға көмектесетін диеталық қоспаларды үнемі қабылдау (мысалы, қара зере майы, саумал);
- Дене белсенділігін арттыру - ұзақ серуендеу, өзіңізге ұнайтын кез келген спорт түрімен айналысу - би, йога, фитнес;
- Жаман әдеттерден бас тарту;
- Салмақты қалыпқа келтіру - диетаны түзету, тұрақты физикалық белсенділік.
Қатерлі ісіктің алдын алудың табиғи құралдары
Биологиялық белсенді қоспаларды қабылдау – онкологиялық аурулардың бастапқы профилактикасындағы ең жақсы құралдарының бірі болып табылады. Ол дененің қорғанысын күшейтіп, аурудың басталуын болдырмайды.
Биологиялық белсенді қоспалар - бұл толық табиғи өнім, барлық жүйелер мен органдардың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті қосымша микро және макро элементтердің көзі. Бір ауруды емдеуге бағытталған фармацевтикалық препараттардан айырмашылығы, биологиялық қоспалар бүкіл денеге күрделі әсер етеді. Олардың іс жүзінде ешқандай қарсы көрсетілімдері мен жанама әсерлері жоқ.
Сондықтан, қатерлі ісіктің алдын алу үшін не ішу керек деген сұраққа жауап бере отырып, біз биологиялық қоспаларды сенімді түрде ұсына аламыз. Қатерлі ісікке қарсы күресте тиімді екендігі дәлелденген қоспалардың тізімі:
- Саумал – емдік қасиеті жағынан ерекше өнім. Сублимацияланған бие сүтінен, оның барлық пайдалы қасиеттерін сақтай отырып жасалған.Қабынуға қарсы және иммуномодуляциялық әсері бар. Биологиялық қоспада ісіктердің пайда болуына жол бермейтін фолий қышқылы бар. Бұл өнімнің басқа пайдалы қасиеттері туралы мына жерден біле аласыз;
- Көк шай негізіндегі қоспалар - ісікке қарсы күшті әсері бар. Көк шайдың құрамындағы органикалық заттар (атап айтқанда, эпигаллокатехин-3-галлат) рак клеткаларының өсуін тежейді;
- Қара зере майы – микро және макро элементтердің табиғи көзі болып табылады. Ол жалпы сауықтыратын және қабынуға қарсы әсерге ие, иммунитетті жақсартады. Оның емдік қасиеттері туралы қосымша ақпаратты сілтемеден табуға болады.
Онкологияның қайталама профилактика шаралары
Профилактиканың бұл түрі мыналарды қамтиды:
- ісік алды жағдайлармен күресу;
- қатерлі ісік ауруын ерте анықтау;
- қатерлі ісікті ерте кезеңде емдеу.
Ұсыныстар кешені профилактикалық және емдік шараларды қамтиды. Оларға мыналар жатады:
- үнемі дәрігердің бақылауында болу – қатерлі ісіктің себебін анықтау ғана емес, денсаулық жағдайын ескере отырып, алдын алу шараларының жоспарын құру;
- алғашқы алдын алу шаралары (дұрыс тамақтану, дене шынықтыру және спорт, зиянды әдеттерден бас тарту);
- өзін-өзі диагностикалау - қатерлі ісіктің белгілі бір түрлері үшін жүзеге асырылады (мысалы, кеуде аймағындағы ісіктердің пайда болу қаупін пальпациялау әдісі арқылы анықтау).
Денсаулыққа мұқият қарау, дұрыс тамақтануды, денені пайдалы элементтермен қанықтыру, қозғалысты арттыру және демалыс туралы ұмытпау, жүйелі медициналық тексеруден өту – 90% жағдайда қатерлі ісіктердің пайда болуын болдырмауға көмектеседі.