Жүрек-қан тамыры аурулары профилактикасының ерекшеліктері
Жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының профилактикасы – денсаулыққа және жұмыс қабілеттілікке қажет маңызды шаралар. ЖҚА қауіп факторлары мен олардың алдын алу жолдарын туралы біліңіз.

Қазіргі заман адамының өмір салты жүз жыл бұрын өмір сүрген бабаларымыздың өмірінен әлдеқайда өзгеше. Физикалық белсенділікті айтпағанда, қазір біз жаяу жүруді де азайттық. Есесіне, күйзеліс жағдайларына, эмоционалдық және ақыл-ой қысымына жиі тап болып, жоғары калориялы тағамдарды тұтынатынымыз рас. Мұндай жағдайларда жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу өте маңызды, өйткені кардиопатология – бүгінгі күні ерте өлімнің негізгі себебі болып табылады. Жүректің денсаулығы мен әл-ауқатын қартайғанға дейін нығайтудың көптеген жолдары бар.
Қазақстандағы жүрек-қан тамырлары ауруларының (ЖҚА) негізгі статистикасы
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы мәліметтеріне сәйкес, жүрек-қантамыр жүйесі патологиясынан қайтыс болғандардың үлесі жалпы өлім санының 23,7 пайызын құрады. Бұл елдегі өлімнің ең көп тараған себебі болып тұр. Абсолютті мәнде ЖҚА-дан қайтыс болғандардың саны 43,4 мың адамды құрады, бұл өлімнің келесі жиі кездесетін себебі – тыныс алу органдарының ауруларымен салыстырғанда (20,8 мың) екі еседен астам жоғары.
Бірақ оптимизмнің белгілі себептері де бар, өйткені он жыл бұрынғы жағдай әлдеқайда нашар болған. Жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін төмендетуде профилактика, емдеу, диспансерлік есепке алу, медициналық қызмет көрсету және әлеуметтік шаралар сынды бес негізгі бағытты қамтитын «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының кеңінен жүзеге асырылуы маңызды рөл атқарды.
Біз өз күшімізбен денсаулығымыз бен ұзақ өмір сүруіміз үшін көп нәрсе жасай аламыз! Алдын алу шараларын уақтылы қолданған жағдайда, инфаркттың 80% -на дейін алдын алуға болады, ол туралы біз төменде сөз қозғаймыз.
Жүрек пен қан тамырларының жиі кездесетін аурулары
Көбінесе Қазақстан тұрғындарына жүрек-қан тамырлары аурулары дамуының келесі түрлері қауіпті:
- артериялық гипертензия;
- жүректің ишемиялық ауруы, бұл жиі миокард инфарктісіне, стенокардияға және басқа да асқынуларға әкеледі;
- ишемиялық және геморрагиялық инсульт - мидағы қан айналымы бұзылыстары;
- кардиомиопатия - әртүрлі себептермен туындаған жүрек бұлшықетінің зақымдануы;
- туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары;
- жүрек бұлшықетінің немесе қан тамырларының қабыну аурулары;
- жүрек жетімсіздігі;
- қан тамырлары жүйесінің патологиясы.
Бұл тек ең көп таралған ЖҚА, ал толық тізімде ондаған күрделі және қиын диагноздар бар.
Жүрек ауруларының негізгі себептері
Жүрек және қан тамырлары ауруларының жиі кездесетіні сонша, дәрігерлер оларды эпидемия деп те атайды. Дұрыс өмір салтын сақтамау жүрек-қан тамырлары ауруларының негізгі қауіп-қатерін туындатады. Мысалы, Жапонияда атеросклероз және онымен байланысты патологиялар өте сирек кездеседі, өйткені олардың тамақтану және өмір сүру салты олардың таралуына жол бермейді. Бірақ жапондықтар АҚШ-қа қоныс аудара салысымен, он-жиырма жылдан кейін жүрек ауруының деңгейі бойынша жергілікті американдықтардан еш айырмашылығы болмай қалды.
ЖҚА негізгі қауіп факторлары:
- отырықшы өмір салты;
- дұрыс тамақтанбау: майларды және қарапайым көмірсуларды шамадан тыс мөлшерде, өңделген және рафинадталған тағамдарды тұтыну;
- тұрақты стресс;
- зиянды әдеттер - темекі шегу, алкогольді өнімдер ішу.
Тұқымқуалаушылық пен жұқпалы аурулардың ды ықпалы бар, бірақ олардың «үлесі» салыстырмалы түрде аз.
ЖҚА белгілері
Төмендегі белгілердің кем дегенде біреуі немесе екеуі бойыңызда болса, мүмкіндігінше тезірек дәрігерге қаралу керек:
- кеуденің сол жағының тұрақты немесе ара-тұра ауырсынуы, сол жақ иық немесе қолдың шаншуы;
- жүгіруден, баспалдақпен көтерілуден немесе жылдам жүруден кейінгі ентігу;
- аяқтың ісінуі, әсіресе күннің соңына қарай байқалады;
- жиі бас айналу;
- жиіленген жүрек соғысы;
- тұрақты шаршау, естің бұлыңғырлануы.
Ешбір жағдайда денсаулық өздігінен жақсарады деп күтпеу керек. Дегенмен, қауіп факторларының денсаулыққа әсерін азайту үшін өмір салтын өзгертуге болады.
Бастапқы және қайталама профилактиканың айырмашылығы неде?
ЖҚА-ның бастапқы профилактикасы жүрек пен қан тамырларының зақымдану қаупін азайту үшін салыстырмалы түрде сау адамдарға бағытталған. Бұл үшін жүйелі түрде орындалатын шаралар:
- еңбек және демалыс режимін оңтайландыру, қарбалас күннен кейін денені толық қалпына келтіру үшін жағдай жасау;
- физикалық белсенділікті арттыру, тұрақты жаттығулар, серуендеу және т.б.;
- жаман әдеттерден арылу;
- қолайлы психологиялық микроклиматты құру, стресс деңгейін төмендету.
Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу бойынша қайталама шаралар ауруға шалдыққан адамдарға бағытталған. Олардың мақсаты денсаулықты емдеу және сақтау, яғни ремиссияға қол жеткізу және максималды ұзарту, денені жалпы нығайту, рецидивтердің алдын алу. Бұған мыналар кіреді:
- физиотерапия жаттығуларына бару;
- емдік массаж курстары;
- сауықтыру физиопроцедуралары;
- мамандандырылған шипажайларда емделу;
- тұрақты түрде дәрі-дәрмек қабылдау.
Науқастарға салмағын бақылау және оны азайту, қан қысымы мен холестерин деңгейін бақылау үшін шаралар қабылдау ұсынылады.
Тамақтану – профилактика шарасы ретінде
Жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының алдын алуда дұрыс тамақтанудың атқаратын рөлі аса маңызды. Кардиолог дәрігерлер осы мақсатта тамақтанудың негізгі бес ережесін атап өтеді.
1. Шектеулі көлемде пайдалы майларды қабылдау. Рациондағы майдың жалпы үлесі 20-25% аспауы керек. Бірақ ең бастысы - майлардың құрамы: жануарлардан алынатын өнімдерді барынша азайтып, ал өсімдік өнімдеріне, керісінше, артықшылық беру керек. Аптасына бірнеше рет майлы теңіз балығын жеу ұсынылады.
2. Жасұнық – дұрыс тамақтанудың негізі. Ол көкөністер мен жемістерде ғана емес, сонымен қатар дәнді дақылдарда, тұтас бидайдан жасалға нанда кездеседі. Барлық осы өнімдер күн сайын үстелде болуы керек.
3. Күніне кемінде 0,5 кг шикі немесе өңделген көкөністер мен жемістер тұтыну. Олардың құрамында калория мен майдың мөлшері аз, сонымен қатар олар жасұнық пен витаминдердің, минералдардың және биоактивті заттардың көзі болып табылады.
4. Қант мөлшерін мейлінше азайту. Қарапайым көмірсулардан толығымен бас тартып, кондитерлік өнімдерді кептірілген жемістермен алмастырып, қанттың орнына шайға аздап бал салған дұрыс.
5. Тұз мөлшерін мейлінше азайту. Тұзды көп жеген сайын қан қысымы жоғарылайды. Тұзды тұтынуды азайту арқылы гипертониялық науқастар дәрі қабылдамай-ақ әл-ауқатын жақсарта алады. Толықтай тұздан бас тартудың қажеті жоқ, дегенмен көптеген азық-түлік құрамында тұз бар екенін ескерген жөн.
Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін пісірілген, бұқтырылған және қайнатылған тағамдарға артықшылық беріп, қуырылған тағамдардан аулақ болу керек. Бірақ тіпті дұрыс тамақтанудың өзі жүрек пен қан тамырларын барлық қажетті заттармен қамтамасыз ете алмайды. Олардың жетіспеушілігі әдетте биологиялық белсенді қоспалардың көмегімен толтырылады.
Дәлелденген биоқоспалардың бірі - қабынуға қарсы әсері бар сарымсақ майы. Оның құрамында витаминдердің, минералдардың және эфир майларының көп мөлшері бар. Бұл өнімді үнемі қабылдау – қан айналымын жақсартады, артериялық гипертензияның даму қаупін азайтады және жүрек-қан тамыр жүйесінің басқа патологияларының дамуына жол бермейді (бұл туралы толығырақ мақалада оқи аласыз).
Фитотерапевтикалық өнімдер
Дәстүрлі медицина рецептерінің екі негізгі артықшылығы бар: олар барлығына дерлік қол жетімді болып келеді және фармацевтикалық препараттарға қарағанда жұмсақ әсер етеді. Дегенмен, олар басқа профилактикалық шаралармен бірге қолданылуы керек. Дұрыс тамақтанусыз, зиянды әдеттерден бас тартпай және физикалық белсенділіксіз жүрекке арналған профилактикалық өнімдер жақсы нәтиже көрсете алмайтынын ескерген дұрыс.
Жүрек пен қан тамырларын сауықтырудың көптеген дәстүрлі тәсілдері бар. Олардың ішінде кеңінен таралғандары:
- жаңа сығылған қызылша шырыны;
- балмен араластырылған шетен;
- ара балы және ара сүті;
- шикі сарымсақ, сарымсақ тұнбалары немесе сарымсақ майы (дайын өнімді пайдалануға болады);
- долана қосылған шай немесе тұнбасы;
- зәйтүн майы қосылған сәбіз шырыны және т.б.
Жаңа піскен қызанақтардан, шөптерден (ақжелкен, аскөк, кинза), алмадан, анардан және т.б. жасалған көкөніс және жеміс коктейльдері жүрекке өте пайдалы.
Физикалық белсенділік
Дене белсенділігі жүрек пен қан тамырларын жаттықтыру үшін өте маңызды. Мұндағы мәселе спортзалда шаршап жаттығу жасау емес, күніне шамамен 30-40 минутты серуендеуге (соның ішінде скандинавиялық), велосипедпен жүруге, шаңғы тебуге, бассейнде жүзуге жұмсау туралы. Жүктемелердің тұрақты болуы маңызды. Сол кезде ғана екі-үш аптадан кейін күнделікті физикалық белсенділік рахат әкеліп, физиологиялық қажеттілікке айналады.
Балалар ЖҚА профилактикасы
Біздің әдеттеріміз бен өмір сүру салтымыз балалық шақтан қалыптасады. Мәселен кішкентай кезден тәттілерді көп жеген болсаңыз, есейгенде олардан бас тарту айтарлықтай қиындық туғызады. Сол себепті баланың дені сау болуы үшін ерте кезден пайдалы әдеттерге баулу керек:
- дұрыс тамақтану – әр түрлі тағамдарды жүйелі түрде, бірақ шектеулі мөлшерде қабылдау;
- физикалық белсенділік – күнделікті денсаулыққа пайдалы жаттығулар жасау;
- салауатты өмір салты – шылым шекпеу, алкогольді өнімді тұтынбау.
Балалар ЖҚА профилактикасына жүйелі түрде дәрігерге қаралу да жатады. Жоғарыда аталған аспектілерде ата-ананың көрсетер үлгісі маңызды рөл атқарады. Ата-ана салауатты өмір салтын өз үлгісінде көрсетпеген жағдайда, баладан оны талап етудің пайдасы жоқ деуге болады.
Егде жастағы адамдарға қалай кардиоаурулардың алдын алуға болады
Денсаулықты нығайтуға және профилактикалық шараларды қолдануға ешқашан кеш емес. Сіз ешқашан жаттығу жасамай, жоғары калориялы тағамдарды қабылдауға үйреніп кеткен болсаңыз да, пайдалы тағамға ауысып, жүйелі түрде серуендейтін болсаңыз, ағзаңыздың жағдайы айтарлықтай жақсаратын болады. Дегенмен адам жасы ұлғайған сайын, ағзадағы өзгерістер бәрібір білінеді. Сол себепті профилактикалық шаралар тізіміне кардиолог дәрігерге көрінуді және келесі тексерулерді қосқан жөн:
- электрокардиограмма (ерлерде жүктемемен);
- холестерин деңгейіне қан сынамасы;
- коагулограмма (кенеттен болатын тромб түзілудің алдын алу үшін қан ұйығыштығын тексеретін сынама).
Дәрігер тексеруінен жарты жылда бір рет немесе тым болмаса жылына бір рет өтіп тұрған абзал. Тонометр көмегімен артериалды қысымды бақылауды ұстау қажет.
Профилактиканың негізгі 10 шарасы
Адам бойында кем дегенде бір қауіп факторының болуы – жүрек-қан тамырлары патологиясынан ерте өлім қаупін үш еседен астам арттырады. Жүрек ауруларының алдын алудың негізгі он қарапайым ережесі.
1. Дұрыс тамақтану. Жүрек пен қан тамырлары үшін көкөністер мен жемістерді, майлы теңіз балығын, тұтас дәнді-дақылдарды, майсыз еттерді пайдалану өте пайдалы. Майлы тағамдарды, кондитерлік өнімдерді, қуырылған тағамдарды, маринадталған қиярларды және ысталған тағамдарды, фаст-фудты және транс майлары бар өнімдерді тұтынуды шектеу немесе толығымен бас тарту керек.
2. Артық салмақпен күресу. Салмақтағы әрбір артық 10 килограмм артериалды қысымды 10-20 мм көтереді. Ең қауіптісі – абдоминальды семіздік. Негізгі белгілердің бірі - бел шеңбері ерлерде 100 см, әйелдерде 80 см-ден асады.
3. Көбірек қимылдау. Жәй ғана серуендеу сияқты физикалық белсенділік жүрек пен қан тамырларын сауықтырып, холестерин деңгейін қалыпты етіп, қан мен зат алмасу процесін оңтайландырады.
4. Зиянды әдеттерден бас тарту. Шылым шегу, алкоголизм, есірткі заттарды қолдану – жүрек аурулары қауіпін 10 есеге арттырады. Бұл проблемамен өз бетіңізбен күресе алмасаңыз, мамандардың көмегіне жүгінген дұрыс.
5. Стресспен күресу. Жүйке жүйесіне шамадан тыс қысым түскен жағдайда адреналин гормоны көп мөлшерде бөлінеді. Адреналин – жүрек бұлшықетінің жиырылуына әкелетін гормон. Бұл өз кезегінде жүрекке де, қан тамырларына да салмақ түсіреді. Стресске деген төзімділікті – таза ауада серуендеу, жағымды эмоциялар, отбасымен және достармен араласу және дұрыс демалыс пен тыныш ұйқы арттырады.
6. Қан қысымын бақылау. Жүрек ауруларынан болатын өлім-жітімнің алғашқы себептерінің ішінде қан қысымының жоғары болуы бірінші орында тұр. Ол көптеген қатерлі дерттің негізгі себебі болып табылады. Бас айналуы немесе ауыруы, құлақта шу болса, кеудедегі ауырсыну сезімі кезінде дереу қан қысымын тексеру қажет.
7. Жүйелі түрде кардиолог дәрігерге қаралу. Бұл қандай да бір қауіп факторы бар адамдарға өте маңызды. Дәрігерге жылына бір рет, ал осы ауруларға бейім адамдарға – жарты жылда бір рет қаралу қажет.
8. Холестерин деңгейін бақылауда ұстау. 30 жастан асқан кез келген адам жыл сайын холестерин деңгейін анықтайтын қан сынамасын тапсырып тұруы қажет. Оның көлемі 5 ммоль/л аспауы керек.
9. Қант деңгейін бақылауда ұстау. 40-45 жастан асқан кезде қант диабетінің екінші типіне шалдығу қауіпі пайда болады. Ауруды ерте кезден анықтау үшін қажетті сынымаларды тапсырып тұрған жөн. Саусақтан алынған қандағы қант мөлшері 5,5 ммоль/л аспауы керек.
10. Биологиялық белсенді қоспалар көмегімен профилактика жасау. Жүрек-қан тамырларының саулығы үшін бірінші кезекте сарымсақ майы және қара зере май көмектеседі. Ол жүрек пен тамырлар қызметін қалыпқа келтіріп, жас ұлғаюмен байланысты болатын ағза өзгерістерімен күреседі. ББҚ сатып аларда олардың нақты сапалы болуын қадағалау керек. Мәселен БиоХаят компаниясының өнімдері Қазақстанда сертификатталған және халықаралық ISO9000 сертификациясынан өткен. Бұл туралы осы жерден толық оқи аласыз.
Байқағанымыздай, профилактика шаралары айтарлықтай жеңіл және кез келген адамға қол жетімді. Бастапқыда жаңа әдеттер қалыптастырып, оларды ұстану қиындық туындатуы мүмкін. Дегенмен денсаулықтың жақсаруы сіздің еңбегіңізді ақтайтыны сөзсіз.




