Жұқпалы аурулардың алдын алуға арналған биологиялық белсенді қоспалар

Жұқпалы аурулардың алдын алуға арналған диеталық қоспалар және біріншілік және қайталама профилактиканың басқа да шаралары. Суық тию, ЖРВИ және тұмау маусымында вирустарды немесе микробтарды қалай жұқтырмауға болады.

Инфекциялық аурулар - бұл микробтар немесе вирустар арқылы пайда болатын аурулар тобы. Адам ағзасына енген мұндай патоген инфекцияларды, соның ішінде суық тиюді тудыруы үшін ол иммунитет деп аталатын қорғанысты жеңуі керек.
Инфекциялық аурулардың алдын алу – денсаулықты жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Ол спецификалық және сепецификалық емес болып екіге бөлінеді. Спецификалық түрі жалғыз әдісті қамтиды - вакцинация. Вирустық аурулардың спецификалық емес профилактикасы - бұл әр адам жасай алатын қарапайым шаралардың жиынтығы деуге болады. Мұндай шаралар қатарына қолды жиі жуу, бөлмелер мен қоғамдық орындарды желдету, жеке қорғаныс құралдарын (қолғап, маска) пайдалану, көмекші препараттарды қабылдау жатады. Жұқпалы аурулардың алдын алудың тамаша шешімі биологиялық белсенді қоспаларды қабылдау болып табылады.
Инфекциялық аурулардың алдын алудың мақсаты - ағзаның қорғаныс қызметін тұрақтандыру және ары қарай жұқтыру қаупінің алдын алу.

Инфекция жұқтырудың негізгі жолдары

Инфекциялық аурулардың адамдар арасында таралуы, соның ішінде ЖРВИ бірнеше жолмен жүреді.

  1. Ауа арқылы – ауруды жұқтырған адамнан сау адамға берілуінің негізгі әдісі. Науқас жөтелгенде немесе түшкіргенде ауаға микробтар таралады. Мұндай жұқтыру әдісі вирустық және бактериялық инфекцияларға тән.
  2. Ауыз арқылы – көбінесе қауіпті ішек инфекциялары осылайша жұғады, инфекция жуылмаған қолдардан, көкөністерден, жемістерден, сондай-ақ қайнатылмаған судан болады. Бұл топқа жарамдылық мерзімі өткен немесе жеткілікті термиялық өңдеуден өтпеген өнімдерді жеу кезінде пайда болатын уланулар да кіреді.
  3. Трансмиссивті – ауру қоздырғышы жәндіктердің шағуы арқылы ағзаға түседі.
  4. Парентеральды – инфекция әдетте терінің немесе шырышты қабықтың зақымдалуымен байланысты медициналық процедуралар кезінде пайда болады. Бұл инъекциялар, инфузиялар болуы мүмкін. Сондай-ақ педикюр немесе маникюр кезінде де белгілі бір қауіп бар.
  5. Тұрмыстық байланыс арқылы. Көбінесе осы жол арқылы гельминттер, жұқпалы дерматиттің қоздырғыштары, саңырауқұлақ аурулары, сондай-ақ туберкулез сияқты негізгі инфекциялық аурулар беріледі.
  6. Су арқылы. Мұндай инфекциялық ауруларды тек қана арнайы талдама жасау арқылы анықтауға болады. Көбінесе бұл инфекция түрлері ластанған суды ішу кезінде пайда болады.  Айта кету керек, табиғи көздерден алынған су ғана емес, сонымен қатар краннан ағып жатқан су да инфекция жұқтыру қаупіне ие. Мысалы су арқылы А гепатиті, іш сүзегі жұғады.
  7. Трансплацентарлы –инфекцияның анадан ұрыққа жұғуы. Бұл босану кезінде де, ұрықтың дамуы кезінде де болуы мүмкін.

Спецификалық профилактика

Инфекцияның спецификалық профилактикасы жасанды иммунитетті қалыптастыруға бағытталған. Ол ең тиімді деп саналады, өйткені әртүрлі жолдармен берілетін көптеген аурулардың алдын алады. Бұл жағдайда сау адамның ағзасына әлсіреген немесе белсенді емес микроорганизмдер енгізіледі.
Олар иммундық жүйеге осы бактериямен алдын ала «танысуға» көмектеседі және оған қарсы антиденелерді шығара бастайды. Нағыз патогенмен кездескен кезде дамыған антиденелер күресіп, адамның ауырып қалуына жол бермейді.

Инфекциялардың спецификалық емес алдын алуы

Суық мезгілде ауруды қалай болдырмауға және жұқтырмауға болады? Дененің қорғаныш қабілетін нығайтудың ең тиімді тәсілі – жалпы шараларды қамтитын арнайы емес профилактика болып табылады. Микроорганизмдермен күрес барлық бағытта бірден жүзеге асырылады.
Ең алдымен, бұл дәрігердің ұсынысы мен рецепті бойынша иммунобиологиялық препараттарды, вирусқа қарсы заттарды, иммуномодуляторларды және биологиялық белсенді қоспаларды қабылдауды қамтитын жеке профилактика.
Сондай-ақ қолды жиі жуу сияқты гигиеналық ережелерді сақтау маңызды. Егер бұл мүмкін болмаса, онда бактерияға қарсы майлықтар мен микробқа қарсы әсері бар өнімдерді пайдалану керек.
Үнемі ылғалды тазалаудың маңызы ерекше.
Сондай-ақ, бастапқы профилактика салауатты өмір салтын, оның ішінде шынығуды, жүруді, қалыпты физикалық белсенділікті, сондай-ақ витаминдер мен минералдарға бай дұрыс тамақтануды қамтиды. Әсіресе тұмау мен ЖРВИ эпидемиясы кезеңінде адам саны көп болатын іс-шараларға қатысудан бас тартқан жөн.

Биологиялық белсенді қоспалар жұқпалы аурулардың алдын алудың маңызды құралы ретінде

Вирустық инфекцияларға арналған ББҚ әрбір адамның ағзасы үшін үлкен көмек болып табылады. Бұл пайдалы тағамдық қоспалар жалпы денсаулықты нығайтатын әсерге ие, әртүрлі инфекциялардың қоздырғыштарын жояды, ішек пен бауырды шлактармен мен токсиндерден тазартады, пайдалы микрофлораның өсуі мен дамуына ықпал етеді. Олардың құрамында тек табиғи ингредиенттер бар, мұндай биоқоспалар аллергиялық реакцияларды тудырмайды және жанама әсерлері жоқ.
Жұқпалы ауруларға қарсы ең жақсы биологиялық қоспалардың тізімі:

  1. Қыст Аль-Хинди – тамаша емдік және профилактикалық әсері бар табиғи өнім. Бір капсулада 140 пайдалы микроэлементтер мен 20 аминқышқылдары бар. Өнімді өндіру кезінде ГМО, бояғыштар, консерванттар және басқа да зиянды қоспалар пайдаланылмаған. Бұл биологиялық қоспа туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.
  2. Эхинацея сығындысы. Бұл организмнің әртүрлі өткір инфекцияларға төзімділігін арттыратын өсімдік тектес иммуностимуляциялаушы өнім. Оны қайталама профилактика үшін де қолдануға болады, сонымен қатар сығынды инфекцияларға қарсы көптеген биологиялық қоспалардың бөлігі болып табылады.
  3. Алтей. Бұл дәрілік өсімдік болып табылады, өйткені оның қабынуға қарсы және қақырық түсіретін әсері бар. Оның көмегімен жөтелмен бірге жүретін жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары емделеді.

Жұқпалы аурулардың алдын алудағы салауатты өмір салтының рөлі

Кез келген инфекцияның пайда болу себебі - әлсіз иммунитет. Инфекцияны жұқтырмау үшін салауатты өмір салтын ұстану жеткілікті. Ол жұмыс пен демалыстың оңтайлы режиміне, дұрыс және теңдестірілген тамақтануға, тұрақты физикалық белсенділікке, шынығуға бағытталған. Сондай-ақ темекі шегуді және алкогольді ішуді тоқтату керек. Тек барлық ережелерді сақтау арқылы ғана адам сергек, сау және мықты болады, яғни оны қоршаған кез келген вирустар мен микробтарға қарсы тұра алады.

Закрыть
Оставьте заявку
мы с вами свяжемся

Нажимая на кнопку "ОТПРАВИТЬ", я даю согласие на обработку персональных данных