Ерлердің денсаулығын қалай сақтау керек?

Ерлердің денсаулығын дәрі-дәрмексіз қалай жақсартуға болады? Негізгі ережелер мен ұсыныстар, салауатты өмір салтының рөлі. Ерлерге тән аурулардың алдын алу үшін ең жақсы биологиялық белсенді қоспалар.

Энергия, бұлшықет күші және дене төзімділігі, жоғары жыныстық белсенділік ерлер денсаулығының маңызды құрамдас бөлігі. Дегенмен, нашар экология, дұрыс тамақтанбау, шамадан тыс жұмыс жүктемесі және олардың өз денсаулығын бақылауға деген салғырттығы көптеген ерлердің 40 жастан кейін, кейде тіпті ерте жаста да еңбекке деген белсенділігінің төмендеуіне және энергиясының төмендеуіне әкеледі.

Осы мақалада ерлердің денсаулығын жақсарту жолдары туралы егжей-тегжейлі айтатын боламыз.

Ерлердің денсаулығын жақсартудың қарапайым ережелері

Салауатты өмір салты - денсаулықты сақтаудың және ерлер ауруларының алдын алудың негізгі шарты. 60 жастан кейін де жігерлі және белсенді сезіну үшін бірқатар маңызд жайттарды орындау керек.

Физикалық белсенділік

Спорттық жаттығулар (мысалы, жүзу, жүгіру немесе дене шынықтыру жаттығулары) барлық ағзаның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, жүрек-тамыр жүйесіне пайдалы әсер етеді. Қуық асты безіндегі қан айналымын арттырмақ.

Сонымен қатар, физикалық жүктеме - артық салмақпен күресудің негізгі қаруы. Денедегі артық май либидоның және еркек жыныстық гормоны - тестостерон өндірісінің төмендеуіне әкеледі.

Спортзалда ұзақ жаттығулармен шаршаудың қажеті жоқ, бірақ таңертеңгі жаттығуларға, ұзақ серуендеуге және велосипедпен жүруге уақыт бөлу керек.

Теңгерімді тамақтану – ағзаның қалыпты жұмыс істеуінің негізі

Құнарлы тамақтану ерлердің денсаулығын жақсартуға және жеткілікті тестостерон өндіруге ықпал ететін негізгі факторлардың бірі. Әйелдерден айырмашылығы, ерлердің метаболизмі неғұрлым қарқынды, сондықтан олар өмірлік маңызды функцияларды сақтау үшін бай және қоректік асты қажет етеді.

Ерлердің денсаулығын қалпына келтіру үшін мәзірге келесі тағамдарды қосқан жөн:

  • жаңа піскен көкөністер мен жемістер – көптеген витаминдер мен минералдардың көзі. Мысалы, банан либидоны арттырады және қан қысымын қалыпқа келтіреді, авокадо қан айналымын жақсартады;
  • майсыз ет (бірақ арнайы ережені сақтау керек, яғни, 1 кг дене салмағына 1 г ақуыз дегендей);
  • грек жаңғағы мен бадам – В тобының витаминдеріне, омега қышқылдарына бай. Бұл жаңғақтардағы ақуыздар рак клеткаларының өсуін тежейді, тестостеронның қалыпты синтезіне ықпал етпек;
  • теңіз өнімдері - салмақты сақтауға, жүрек пен қан тамырларын қорғауға және емдеуге, тірек-қимыл аппаратын нығайтуға көмектесетін мырыш, селен, фосфор және полиқанықпаған май қышқылдары бар.

Бұл ретте фаст-фуд пен кондитерлік өнімдерді барынша азайтқан жөн. Мұндай тағамның құрамында жай көмірсулар мен транс майлардың көп мөлшері бар және ағзаны қажетті микро және макро элементтермен қамтуға қабілетсіз. Анда-санда жеу ештеңе етпес. Дегенмен, екі-үш аптада бір рет қана және жиі тұтынбаған абзал.

ББҚ - ерлердің денсаулығын егде тартқанға дейін сақтаудың ең жақсы жолы

40-45 жаста менмін деген ер азаматтардың өзі денсаулығының біртіндеп нашарлағанын, тестостерон деңгейінің төмендеуін сезіне бастайды. Бұл шаштың күйіне, жалпы әл-ауқатқа теріс әсер етеді, жүрек жұмысына да кері әсер болуы мүмкін. Бұл кезеңде адамның ағзасы бұрынғыдан да қосымша қолдауды қажет етеді. Өйткені қарапайым тағам әрқашан қоректік заттардың қажеттілігін толтыра алмайды.

Ерлердің денсаулығын жақсартудың ең жақсы жолы – биологиялық қоспаларды қабылдау. Биологиялық белсенді қоспалар көптеген витаминдердің, минералдардың және микроэлементтердің негізгі көзі. Дәрумендердің жиынтық кешендерінен айырмашылығы, олар әлдеқайда жақсы сіңеді және аллергиялық реакцияларды тудырмайды. Толық табиғи құрамның арқасында биоқоспалар барлық ағза мүшелері мен жүйелеріне жағымды әсер етеді, ағзаны сауықтырады және адамға екінші жастық жалынды сыйлайды.

Денсаулықты жақсарту үшін ерлерге не қабылдау керек деген сұраққа, мына қоспаларды ұсынуға болады:

  • дамина сығындысы - жыныс мүшелерінің қанмен қамтамасыз етілуін ынталандырады, жыныстық өмір сапасын жақсартады;
  • сарымсақ майы - күшті иммуномодуляциялық және қабынуға қарсы әсері бар бірегей табиғи өнім. Сарымсақ қан қысымын қалыпқа келтіреді, холестеринді төмендетеді. Ұзақ пайдалану кезінде күш пен энергияның жоғарылауы, либидоның жоғарылауы байқалады. Сарымсақ майының денсаулыққа пайдасы туралы толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз;
  • кайен бұрышы қоспалары - ас қорытуды қалыпқа келтіреді, зат алмасуды жақсартуға қабілетті. Өнімнің құрамындағы капсаицин жамбас тұсының қан айналымын жақсартады, жүйке жүйесін сергітеді және потенциалды арттырады.

Жаман әдеттерден бас тарту

Темекі мен ішімдік - ерлердің денсаулығы мен ұзақ өмір сүруінің басты жауы. Олар зат алмасу процестерін бәсеңдетіп, жамбас аймағында қан айналымын бұзып қана қоймайды Сонымен қатар есте сақтау қабілетін нашарлатады, ұйқыны бұзады. Қатерлі ісік пен жүрек-тамыр ауруларының даму қаупін арттыратынын ескеріңіз.

Тұрақты жыныстық қатынасы бар өмір

Жыныстық қатынас - бұл жүрек-тамыр жүйесін қалыпты ұстауға мүмкіндік беретін кардио жаттығуларының бір түрі. Тұрақты жыныстық қатынас (аптасына кемінде 1-2 рет) ерлердің несеп-жыныс жүйесінің ауруларының (простатит, пиелонефрит, уретрит және т.б.) тамаша профилактикасы болады. Сонымен қатар, бейберекет қатынасқа жол бермеу керек - бұл жыныстық инфекциялардан қорғауға көмектеседі.

Мамандардың мерзімді бақылауы маңызды

50 жастан асқан ер адамдар урологқа жылына кемінде бір рет бару керек, өйткені бұл жаста ұрпақты болу жүйесінің қатерлі ісігі ауруының даму қаупі жоғары. Осылайша, онкомаркерлерге қан тапсыру қатерлі ісіктердің белгілерін уақтылы анықтауға мүмкіндік береді, ал PSA (простата-спецификалық антиген) талдауы қуық асты безінің жұмысы және қабыну процестерінің болуы туралы ақпарат береді.

Сондай-ақ кардиологтың тұрақты тексерісі маңызды. 45 жастан кейін үнемі жүректің ЭКГ, қуық асты безінің ультрадыбыстық зерттеуінен және маман тағайындаған басқа зерттеулерден өту керек.

Закрыть
Оставьте заявку
мы с вами свяжемся

Нажимая на кнопку "ОТПРАВИТЬ", я даю согласие на обработку персональных данных