Әйелдер денсаулығына арналған дәрумендер мен био-белсенді қоспалар
30,40 және 50 жастан асқан әйелдерге қандай дәрумендер қабылдау керек. Денсаулық пен сұлулықты сақтау үшін менопауза кезінде қандай БАД қажет. Әйелдерге арналған ең жақсы дәрумендер.

Кез келген жастағы әйелдің денсаулығы мен сұлулығын сақтау үшін – сырт келбетті күтумен қатар, ағзаның барлық жүйелеріне қамқорлық жасау маңызды. Барлық ағза мүшелерінің қалыпты қызмет жасауы үшін пайдалы заттар, дәрумендер мен минералдар қажет. Сонымен қатар, ерлер мен әйелдердің биологиялық белсенді заттарға қажеттілігі әртүрлі, бұл гормоналды фон мен зат алмасудың ерекшеліктерімен байланысты. Әйелдерде жыныстық гормондардың құрылымы күрделірек және метаболизмі қарқынды емес, сондықтан олардың қоректік заттарға қажеттілігі аз. Дегенмен, әрбір әйелдің өмірінде пайдалы заттарды аса қажет ететін ерекше кезеңдер бар. Жүктілік кезінде, босанғаннан кейін және менопауза кезінде денеге қосымша микроэлементтер шұғыл түрде керек болады.
Дәрумендердің жетіспеушілігін кәдімгі күнделікті тағамдардың көмегімен толтыру қиын екені белгілі. Шикізаттардың сапасының төмен болуынан, термиялық өңдеуден тағам құрамында пайдалы заттардың мөлшері өте аз болуы мүмкін. Кейбір әйелдер сұлу мүсінін сақтау үшін кей тағамдардан өзін шектейді, сол арқылы ағзада көптеген пайдалы заттардың жетіспеушілігі пайда болады. Сондықтан витаминдерді қабылдау – денсаулық пен әл-ауқатты сақтаудың ең маңызды құралына айналып отыр.
Қандай витаминдер жастық пен сұлулықты сақтауға көмектеседі, сондай-ақ әртүрлі жастағы әйелдерге қандай биологиялық белсенді қоспалар қажет болатыны туралы осы мақалада айтамыз.
30 жастан асқан әйелдер денсаулығына арналған дәрумендер мен микроэлементтер
Әдетте 18 жасқа толмаған қыздар мен 30 жасқа дейінгі әйелдер иммунитет пен денсаулықты нығайту үшін суық тию маусымында немесе ұзақ уақыт ауырғаннан кейін дәрумендер қабылдайды. Жүкті әйелдер де құрсақтағы баланың қалыпты дамуы үшін қосымша микроэлементтер қабылдауы тиіс.
30 жастан асқан әйелдердің қосымша пайдалы заттарға деген қажеттілігі артады. Бұл кезеңде ағзадағы алғашқы горманалды алмасулар орын алады. Бұл уақытқа дейін көптеген әйелдер ана болып, бала өсіріп, үй шаруасына қарап немесе мансап жолында жүреді. Жоғары физикалық белсенділік, босану, баланы емізу – ағзаға айтарлықтай салмақ түсіретіні белгілі.
30 жастан асқаннан кейін әйел ағзасы келесі пайдалы заттарға мұқтаж болады:
- Кальций – сүйек пен тістің саулығы және артериалды қысым үшін;
- D дәрумені – кальцийдің толыққанды сіңуі және репродуктивті жүйе мен жасушалардың жаңаруы үшін;
- А және Е дәрумендері – шаш пен тырнақ құрылымын қалпына келтіру, қартаю белгілерімен күресу үшін;
- С дәрумені – иммунитетті көтеру үшін;
- В тобының дәрумендері – жасушалардың қалыпты қызмет етуі мен энергия өндіру үшін;
- Цинк – теріні сауықтыру, жүйке жүйесін қалпына келтіру үшін;
- Магний – жүрек-қан тамыры жүйесі жұмысын реттеу, жүйке жүйесін тыныштандыру үшін қажет.
35 жастан асқан соң әйелдер ағзасына арналған дәрумендер тізіміне фосфор элементін де қосқан жөн. Ол ағза жасушаларының толыққанды қалпына келуіне көмектеседі.
Жастық шақты ұзарту үшін 40 жастан асқандарға арналған пайдалы қоспалар
40 жастан асқан әйелдердің ағзасында гормоналды және физиологиялық өзгерістер орын алады. Жыныстық гормондар саны айтарлықтай азайып, зат алмасу баяулайды. Осыған байланысты терінің серпімділігі азайып, алғашқы әжімдер пайда болады, шаш пен тырнақтың жағдайы нашарлайды.
Осы жастағы әйел ағзасына қажетті дәрумендер:
- Кальций және D дәрумені – остеопороз профилактикасы үшін;
- С және Е дәрумендері – бос радикалдар деңгейін азайтып, қартаю процесін тежеу үшін;
- В1, В6 және В12 дәрумендері - жүйке жүйесін сауықтыру үшін;
- Йод – гормоналды денсаулық, ұйқы безін қалпына келтіру, мастопатияның алдын алу үшін;
- Селен – диабет профилактикасы, онкологиялық және жүрек-қан тамыры ауруларының даму қаупінің алдын алу үшін қажет.
50 жастан асқан әйел денсаулығына арналған дәрумендер
50 жастан асқан әйел өмірінде менопауза кезеңі басталады, яғни жыныстық гормондардың өндірілуі азайып, репродуктивті кезең аяқталады. Осыған байланысты ашушаңдық мен ұйқышылдық артып, жыныстық либидо төмендейді, қан қысымы мазалай бастауы мүмкін. Физикалық және эмоционалдық жағдайды қалыпқа келтіруге келесі дәрумендер мен микроэлементтер көмектеседі:
- А, Е дәрумендері – теріні сауықтырып, ісіктер пайда болуының алдын алады;
- Тиамин (В1 дәрумені) – психикалық жағдайды ретке келтіреді;
- Рибофлавин (В6 дәрумені) – эндорфин гормонының түзілуіне қатысады, ұйқыны тыныштандырады;
- Фолий қышқылы (В9 дәрумені) - қан айналымы жүйесін қалыпқа келтіреді;
- D дәрумені – остеопороздың алдын алады;
- Калий – жүйке жүйесінің жұмысын реттейді;
- Йод – артық салмақпен күреседі, гормоналды жүйені сауықтырады.
Әйелдің интимді денсаулығына да дәрумендер мен минералдар аса қажет. Олар шырышты қабатқа оң әсер етіп, жайсыздық сезімін азайтады.
Әйелдердің денсаулығы мен сұлулығына арналған дәрумендер, микроэлементтер мен минералдардың маңызды көздері
1. Азық-түлік – ағзаға қажетті заттардың табиғи көзі. Азық-түлікте ағзаның қалыпты жұмысы үшін қажетті көптеген минералдар мен дәрумендер бар. Дегенмен, ең бай рационның өзі микро және макроэлементтердің қажетті мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Бұл кей тағамдардың белгілі маусымда ғана болуымен ғана емес, азық-түлік сапасының төмедеуіне де байланысты болып отыр.
2. Дәруменді кешендер – капсула, таблетка немесе ұнтақ түріндегі дәрілік заттар. Олардың құрамында әртүрлі ауруларды емдеу немесе алдын алу үшін жасанды түрде синтезделген бір немесе бірнеше микро және макро элементтер бар. Мұндай кешендерді емдеуші дәрігердің ұсынысы бойынша қабылдау керек. Ол қандай дәрумендерді қабылдау керектігін айтып қана қоймайды, сонымен қатар жасы мен денсаулығына байланысты дұрыс емдеу курсын тағайындап береді.
3. Табиғи биологиялық белсенді қоспалар – әйелдердің денсаулығы мен сұлулығына қажетті заттардың тиімді көзі болып табылады. Витаминді кешендерден айырмашылығы, биологиялық белсенді қоспалар жасанды компонентсіз, табиғи ингредиенттер негізінде жасалады. Сондықтан олар денеге оңай сіңеді және жанама әсерлер тудырмайды, атап айтқанда, бауырға теріс әсер етпейді.
Әрі қарай, әйелдер денсаулығы үшін қандай биологиялық белсенді қоспалар ең жақсы деп саналатынын айтамыз.
Әйелдер денсаулығына арналған Топ-5 пайдалы биологиялық белсенді қоспа
1. Коллаген – теріні жасартуға, буындарды сауықтыруға арналған. Сіңірлердің және терінің серпімділігіне, сондай-ақ шаш пен тырнақтың денсаулығына жауап береді. Оның табиғи түрде түзілуі гормоналды өзгерістер мен метаболизмнің баяулауына байланысты тоқтайды.
2. Костус тамыры – өзінің емдік қасиеттерімен белігілі тропикалық өсімдік. Оның ұнтақталған түрі – Қыст Аль Хинди атымен белгілі. Бұл биологиялық белсенді қоспаның қалыпқа келтіретін, гормоналды жүйені сауықтыратын, иммунитетті көтеріп, теріні жақсартатын әсері бар. Сонымен қатар бұл өсімдік әйелдердің репродуктивті жүйесіне өте пайдалы. Өнім туралы толық ақпаратты осы жерден оқи аласыз.
3. Балық майы - әйелдер денсаулығын жақсартуға арналған негізгі қоспалардың бірі. Оның құрамында холестерин концентрациясын реттейтін, иммундық жүйені ынталандыратын және жүйке жасушалары үшін құрылыс материалы болып табылатын омега-3 қанықпаған қышқылдары бар.
4. Қара зере майы менопауза кезінде қолданылады, өйткені ол қартаюмен байланысты өзгерістермен тиімді күреседі. Қара зере жоғары қан қысымын жеңуге көмектеседі, эндокриндік жүйені нығайтады және асқазан-ішек жолындағы мәселелерді жояды. Бұл өнімнің барлық пайдалы қасиеттері туралы мына жерден оқи аласыз.
5. Д витамині бар биологиялық қоспа кез келген жастағы әйелдерге қажет, өйткені ол кальцийдің толық сіңуіне ықпал етеді және остеопороздың дамуына жол бермейді. Оны қабылдау, әсіресе, суық мезгілде, күн белсенділігі төмендеген кезде және дене D витаминін өздігінен шығара алмайтын кезде маңызды.




