Авитаминоз кезіндегі биологиялық белсенді қоспалар
Витамин тапшылығының ең жақсы шешімі тағамдық қоспаларды қабылдау болып табылады. Олар қоректік заттардың тапшылығын қалпына келтіруге, аурулардың алдын алуға және авитаминозбен күресуге көмектеседі.

Авитаминоз – дұрыс тамақтанбау әсерінен болатын ағзаға витаминдер мен минералдардың жетіспеушілігі. Негізгі белгілері: денсаулықтың нашарлауы, иммунитеттің төмендеуі, жалпы әлсіреу. Көбінесе авитоминоздың алдында гиповитоминоз болады, яғни ағзаға витаминдер мен микроэлементтердің жеткіліксіз мөлшері түскенде және олардың жетіспеушілігі байқалады. Мұндай жағдайлар, әдетте, күзгі-қысқы мезгілде, күннің қысқаруымен, жаңа піскен жемістер мен көкөністердің мөлшерінің азаюымен бірге орын алады.
Авитаминоз ағзаға қосымша қолдауды қажет етеді. Суық мезгілде денсаулықты қалай нығайтуға болатынын осы мақалада толығырақ айтамыз.
Витаминдер немесе биологиялық белсенді қоспалар
Витаминдер - қалыпты өмір сүру үшін қажетті арнайы қосылыстар. Органикалық түрде олар біздің ағзамызға тамақпен бірге енеді. Бірақ қазіргі заманғы азық-түлік өнімдерінің құрамында пайдалы заттар өте аз. Бұл өнімнің өндіру мен өңдеудің жаңа тәсілдеріне байланысты болып отыр. Сатып алынған өнімдерді қарқынды термиялық өңдеу – тағамдағы витаминдер санының азаюына әкеледі, олардың пайдалы қасиеттерінің көпшілігі пісіру процесінде жоғалады.
Микро және макроэлементтердің жетіспеушілігін толтыру үшін біз жиі дәрі-дәрмектердің, яғни бір немесе бірнеше витаминдердің жоғары дозасы бар фармакологиялық препараттар көмегіне жүгінеміз. Дегенмен, олар әрқашан пайдалы болмауы мүмкін, себебі бұл синтетикалық препараттар аз сіңеді және ішкі органдардың (әсіресе бүйрек пен бауыр) жұмысына теріс әсер етеді.
Авитаминозды емдеуде немесе алдын алуда әлдеқайда тиімдісі – микроэлементтердің құнды көздері болып табылатын – биологиялық белсенді қоспалар. Тек табиғи ингредиенттердің арқасында олар жанама әсерлер мен аллергиялық реакцияларды тудырмай (жеке төзімсіздікті қоспағанда) дененің барлық жүйелеріне жұмсақ әсер етеді.
Витамин тапшылығының алдын алуға немесе одан арылуға көмектесетін биологиялық қоспалардың арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады:
- Саумал – бие сүтінен жасалған табиғи өнім. Оның құрамындағы дәрумендер, микроэлементтер, аминқышқылдары адам бойына күш-қуат беріп, тұмау және ЖРВИ кезінде ағзаның қорғаныш қабілетін арттырады. Осы бірегей өнім туралы қосымша ақпаратты сілтемеден оқуға болады;
- Балық майы негізінде жасалған қоспалар күшті антиоксиданттық әсерге ие. Олардың құрамында A және D дәрумендері, сондай-ақ иммундық жүйені нығайтатын, метаболизмді тездететін полиқанықпаған май қышқылдары (Омега-3 және Омега-6) бар;
- Қара зере майы витаминдердің, минералдардың және басқа да пайдалы заттардың құнды көзі болып табылады. Ол қабынуға қарсы, қалпына келтіретін әсерге ие, иммундық жүйеге жақсы әсер етеді. Қара зере дәндерінен алынған май жалпы әл-ауқатты жақсартады, жұмысқабілеттілігін арттырады, жоғары қан қысымымен күреседі. Сіз осы өнімнің барлық пайдалы қасиеттері туралы мына жерден біле аласыз;
- Қыст Аль-Хинди (Костус) – ерекше емдік қасиеті бар өсімдік. Оған негізделген қоспалар жалпы сауықтыратын және иммуномодуляциялық қасиеттерге ие. Оның құрамына кіретін пайдалы заттар айқын бактерияға қарсы, жасартатын, анемияға қарсы әсерге ие. Қыст Аль-Хинди туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз;
- Сарымсақ майы – холестерин деңгейін төмендетеді, буындардағы ауырсынуды азайтады, тері ауруларымен күреседі, дененің қорғаныс қасиеттерін арттырады. Сарымсақ майының басқа да емдік қасиеттері туралы мына мақаладан оқи аласыз.
Авитаминоздың белгілері мен салдары
Витамин тапшылығының негізгі белгілері:
- тері және шаш жағдайының нашарлауы;
- ұйқышылдық және шаршау;
- анемия, аяқ немесе қол саусақтарының шаншуы;
- вирустық инфекцияларға жоғары сезімталдық;
- тәбеттің төмендеуі және тез ашулану;
- ас қорытудың бұзылуы;
- гормоналды өзгерістер;
- қан қысымының жоғарылауы.
Витамин тапшылығы кезінде тамырлардың өткізгіштігі бұзылады, бұл тері астындағы қан кетуді немесе мұрыннан қан кетуді тудыруы мүмкін. Сондай ақ мұндай жағдайда дисбактериоз, гормоналды өзгерістер, әсіресе бала сүюді жоспарлап жүрген адамдарға жағымсыз фактор саналатын гендік мутация анықталған жағдайлар жиі кездеседі.
Ұзақ мерзімге созылған витаминдердің жетіспеушілігі денеге ауыр зиян келтіруі және цинга мен рахиттен бастап көптеген мүшелердің жеткіліксіздігі сияқты бірқатар ауыр дерттерді тудыруы ықтимал. Мұндай жағдайларда тамақтану рационын толығымен қайта қарау маңызды, ол витаминдерге бай тағамдарды ғана емес, сонымен қатар биологиялық белсенді қоспаларды қамтуы керек.
Дұрыс тамақтану авитаминоздың алдын алу құралы ретінде
Авитаминоздың даму қаупін айтарлықтай төмендетуге көмектесетін ұсыныстар:
- А және К витаминдерінің жетіспеушілігін өтеу үшін күн сайын ашытылған сүт өнімдерін (айран, қоспасыз йогурт), жаңа піскен көк шөптерді, маусымдық көкөністер мен жемістерді тұтыну;
- Тамақтану рационына балық пен теңіз өнімдерін қосу. Олар В6 витаминінің құнды көздері болып табылады;
- В дәруменінің жетіспеушілігі кезінде мәзірде жұмыртқа, сұлы ботқасы, күріш, ет болуы керек;
- Кофе, шай пакеттерін, газдалған сусындарды тұтынуды шектеу. Оның орнына шөп шайларын, жидек жеміс сусындарын ішу;
- Қант мөлшерін азайту. Қарапайым көмірсуларға бай тағамдардың орнына кептірілген жемістерге (мейіз, кептірілген өрік, қара өрік) назар аудару керек;
- Үнемі биологиялық белсенді қоспаларды қабылдау. Бұл табиғи препараттар рационды байытып қана қоймайды, сонымен қатар біздің ағзамызды емдейді және нығайтады, көптеген аурулармен сәтті күресуге көмектеседі;
- Пайдалы пісіру әдістерін қолдану. Ет немесе балықты бумен немесе пеште пісірген жақсырақ. Қуырылған тағамдардан бас тартқан жөн. Дәнді дақылдарды 12 сағат бойы суық суға салып, содан кейін әдеттегідей 15-20 емес, 5 минут қайнату ұсынылады. Осы әдіс арқылы олардың барлық пайдалы қасиеттері сақталады.
Авитаминоздың алдын алу үшін дұрыс тамақтанумен қатар, өмір салтын қайта қараған жөн. Күнделікті дұрыс режим, жүйелі жаттығулар, таза ауада ұзақ серуендеу - жылдың кез келген уақытында сау жүрудің және энергияның кілті.