Артериалды гипертония – бұл не және қалай алдын алуға болады

Қан қысымының жоғары болуы несімен қауіпті? Гипертониялық аурудың бастапқы және қосалқы профилактикасының негізгі ережелері.

Гипертония – жүрек-қан тамыр жүйесінің ең жиі тараған және қауіпті дерті. Ол артериалды қысымның тұрақты түрде жоғары (140/80 артық) болуынан көрініс табады, яғни онсызда серпімділігін жоғалтқан артерияға қан екі есе артық әсер ете бастайды. Бұл қан айналым жүйесіндегі қатерлі бұзылыстарға әкеп соқтыруы мүмкін.
Жоғары қан қысымының негізгі белгілері қандай?
Гипертониялық ауруды бақылаудың негізгі тәсілі – үнемі қан қысымын өлшеп тұру. Сонымен қатар жиі қайталанып тұратын белгілері:

  • Бас ауруы;
  • Құлақтың шыңылдауы;
  • Көру қабілетінің нашарлауы, қара дақтардың пайда болуы;
  • Жүрек айну;
  • Жүрек соғысының жиіленуі, ауыр тыныс алу;
  • Мұрыннан қан кету;
  • Шамадан тыс шаршау, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі.


Гипертонияға шалдығуға кімдер бейім келеді?

  • 40 жастан асқан ер адамдар;
  • Климакс кезеңіндегі әйелдер;
  • Егде жастағы адамдар;
  • Қимыл-қозғалысы аз адамдар;
  • Холестерин деңгейі жоғары адамдар;
  • Дертке генетикалық бейім адамдар (жақын туыстары осы дертпен ауырған адамдар);
  • Алкогольды өнімдерді шамадан тыс қабылдайтын адамдар;
  • Семіздікке шалдыққандар;
  • Шылым шегетіндер;
  • Үнемі күйзелісте жүретін адамдар.

Жанама дерттердің болуы да гипертониялық дертке шалдықтыруы мүмкін. Олар:

  • Қант диабеті;
  • Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі;
  • Буын атеросклерозы.

Артериалды гипертония несімен қауіпті?

Гипертонияның қауіптілігі - дерттің белгілерін байқау оңай емес болуында. Ауру ұзақ жылдар бойы білінбей дамуы мүмкін. Салдарынан күрделі асқынуларға шалдықтаруының ықтималдығы жоғары. Дерттің асқынулары:

  • Мидағы қан айналымының бұзылыстары – инсульт, деменция, есте сақтаудың нашарлауы;
  • Жүректегі қан айналымының нашарлауы – миокард инфарктісі, жүректің жеткіліксіздігі, стенокардия;
  • Түрлі бүйрек аурулары – пиелонефрит, нефросклероз, уремия және т.б.
  • Бұл дерттің дамуын уақытылы алдын алу маңызды. Гипертония профилактикасы қан қысымын қалыпты деңгейде ұстап тұруға және оның асқынуларының алдын алуға көмектеседі.


Гипертониялық аурудың заманауи профилактикасы

Кез келген ауру сияқты гипертонияны емдегеннен гөрі, алдын алған жеңіл. Сол себепті оның алдын алу және қауіпті ауруға шалдықтыратын факторларды жою туралы ойланған жөн. Денсаулық жағдайына және гипертония деңгейіне қарай профилактика әдісі бастапқы және қосалқы болып екі түрге бөлінеді.


Бастапқы гипертония профилактикасының 5 негізгі ережесі

Бастапқы профилактика – гипертония дамуның алдын алуға бағытталған шаралар кешені. Ол барлық дені сау, қан қысымы қалыпты адамдарға ұсынылады.
Бастапқы профилактика бірнеше ережені қамтиды:
№1 ереже. Күн тәртібін сақтау. Бір уақытта ұйқыдан тұруға және бір уақытта ұйқыға жатуға кеңес беріледі.
№ 2 ереже. Теңгерімді тамақтану. Майлы және тұзды тағамдарды қабылдауды шектеу керек. Рационда ақуыз (құс еті, балық, ірімшік, т.б.) мөлшерінің мейлінше көп болғаны дұрыс. Құрамында көптеген пайдалы заттар бар биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) атқаратын қызметі де маңызды. Оларды қабылдау – қажетті витаминдер мен минералдардың орнын толтырып, гипертонияның күрделі формаларының дамуының алдын алады.
№ 3 ереже. Шылым шегуден бас тарту. Шылым құрамындағы химиялық заттар буын атеросклерозына, салдарынан артериалды гипертонияға шалдықтыруы мүмкін.
№ 4 ереже. Физикалық белсенділік. Таңертеңгі жаттығу, таза ауада ұзақ уақыт серуендеу мен денешынықтыру денсаулықты жақсартуға және гипертонияның алдын алуға көмектеседі.
№ 5 ереже. Стресстік жағдайлардың алдын алу. Жұмыс күні барысында демалу үшін жиі үзіліс жасап тұрған және зиянды әдеттерден арылған дұрыс. Тұрақты түрде физикалық жаттығу жасау арқылы күйзелістің және қан қысымының жоғарылануының алдын алуға болады.


Қосалқы гипертония профилактикасы

Профилактиканың бұл түрі гипертонияға шалдыққан адамдарға арналған. Ол:

  • Артериалды қысымды төмендетуге;
  • Бас ауруы, естен тану және басқа да белгілермен қатар жүретін гипертонияның күрделі түрінің алдын алуға;
  • Гипертонияның асқынуының алдын алуға бағытталған.

Ұсыныстар кешені профилактикалық және емдік шараларды қамтиды. Шипажай емі және физиотерапиялық процедуралардан бөлек, дәрігердің тағайындаған медициналық препараттары да қолданылады. Дегенмен олардың кері әсері болуы және тәуелділікке шалдықтыруы мүмкін. Бұл өз кезегінде ауруды ушықтырып, күрделі асқынуларға әкелуі ықтимал.


Артериалды гипертонияны емдеуге және профилактикасына арналған табиғи өнім

Көбіне жоғары қысыммен күресудің ең тиімді жолы – биологиялық белсенді қоспаларды қабылдау болып табылады. Сапалы ББҚ-лар құрамында химиялық қоспаларсыз, тек табиғи таза микроэлементтер болады. Қара зере майы – дәл осындай, өзге қоспалары жоқ, экологиялық таза капсуладағы өнім.
Өнім – бағасы қымбат тұратын дәрілік препараттарға тән емдік әсерге ие. Бұл өнім тек артериалды гипертониядан айықтырып қана қоймай, сонымен қатар:

  • Тамырлардың серпімділігін арттырады;
  • Тромбоз бен атеросклерозға шалдығу қауіпін азайтады;
  • Холестерин деңгейін төмендетеді;
  • Жүрек қызмет реттейді;
  • Қан тамырлары спазмының алдын алады.

Қара зере майын сатып алу арқылы компанияның білікті мамандарынан тегін консультация алып, жақсы әрі тұрақты нәтижеге жеткенше үнемі бақылауда боласыз. Сайтта өтінім қалдырыңыз және біздің биотехнолог маманымыз сізбен байланысқа шығады. Ол денсаулығыңызға қатысты бірнеше сұрақ қойып, арнайы емдік курс тағайындап береді.
 

Закрыть
Оставьте заявку
мы с вами свяжемся

Нажимая на кнопку "ОТПРАВИТЬ", я даю согласие на обработку персональных данных