Ағза мен терінің қартаюын бәсеңдететін өнімдер

Дұрыс тамақтану – қартаю процесін бәсеңдетудің бір жолы. Ерте қартаюмен күресудегі биологиялық белсенді қоспалардың рөлі.

Қартаю – адам жасының өсуіне орай еріксіз түрде дамитын табиғи биологиялық процесс. Түтіккен және құрғақ тері, әжімдер, ішкі органдардың жұмысындағы бұзылулар, есте сақтау қабілетінің бұзылуы, әлсіздік және шаршау күйі мұның барлығы ағзада өмір жасының алға жылжуына байланысты өзгерістердің орын алатынын білдіреді.

Қартаю механизмдері қазірдің өзінде 25-30 жаста басталады - дәл осы жаста біздің ағзамыз өзінің даму шыңына жетеді. Неліктен біз қартаямыз және бұл процесті баяулату мүмкін бе – бұл жөнінде толығырақ осы материалда айтамыз.

Адамдар неге қартаяды және қартаюды қалай баяулатуға болады?

Қартаю – күрделі және көп қырлы процесс, оған көптеген факторлар әсер етеді:

  • Дұрыс емес өмір салты. Зиянды әдеттер мен төмен физикалық белсенділік жүрек-тамыр және онкологиялық аурулардың даму қаупін арттырады. Әжімдер, дақтар және өзге де белгілер терінің қартаюына алып келеді.
  • Тұрақты күйзеліс – терінің коллагенін және гиалурон қышқылын өндіруді бәсеңдететін стресс гормоны кортизолдың көбеюіне әкеледі. Тері тонусы мен серпімділігін жоғалтады, әжімдер мен қыртыстардың пайда болуына көбірек бейім бола бастайды.
  • Иммунитет жұмысындағы үзілістер. Вирустар мен бактерияларға төзімділіктің төмендеуі ішкі органдардың жұмысына теріс әсер етеді, ағзаның ресурстары мен өміршеңдігін төмендетуге әкелмек.
  • Дұрыс емес тамақтану. Фаст-фуд, жартылай фабрикаттар, ұн және кондитерлік өнімдерге құмарлық жасушаларда тотығу процестерінің күшеюіне және гликацияның соңғы өнімдерінің жиналуына әкеледі. Бұл заттар қант диабеті, атеросклероз, деменция сияқты аурулардың дамуын қоздырып қана қоймайды, сонымен қатар қартаюдың негізгі себебі болып саналады.
  • Нашар экология. Шығарылатын түтіндер, ұсақ шаң, түтін жасушалардың қартаюын тездететінін атап өткен жөн.
  • Ауыр жұмыс түрлері. Шамадан тыс физикалық белсенділік мидағы маңызды есте сақтау орталығы - гиппокамптың төмендеуіне әкеледі.

Осы факторлардың барлығы ерте қартаюға ықпал етеді және біздің денсаулығымызға орны толмас зиян келтіреді. Сіз жалпы жастықты бірнеше өте қарапайым тәсілдермен ұзарта аласыз. Айталық, белсенді өмір салтын жүргізіңіз, жаман әдеттерден бас тартыңыз және дұрыс тамақтаныңыз.

Ұзақ өмір мен жастықты сақтауға арналған тамақтану үлгісі

Тамақтану - денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің негізгі көзі. Ол барлық ағза жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, көптеген аурулардың дамуына жол бермейді. Сонымен қатар ағза жұмысы қызметінің төмендеу процесін тоқтатуға ықпалды. Қандай тағамдар ағзаның қартаю процесін бәсеңдететіні туралы айтайық.

Қартаюды бәсеңдететін 5 тағам

  • Авокадо – жастықты ұзартатын негізгі өнімдердің бірі. Бұл аса пайдалы өсімдік майларының және Е дәруменіне бай болғандықтан атеросклероз қаупін азайтады. Сонымен қатар, авокадо құрамында калий көп. Ол терінің қартаюын бәсеңдететін зат және теріні серпімді етеді;
  • Қызылша - теріні күн сәулесінің теріс әсерінен қорғайтын және қартаюға қарсы тұратын күшті табиғи антиоксидант;
  • Теңіз өнімдері (лосось, треска, теңіз балдыры, спирулина, ламинария) – жасушаларды бос радикалдар әсерінен болатын зақымданудан қорғайтын полиқанықпаған май қышқылдарының (Омега-3) қайнар көзі;
  • Сарымсақ – құрамында витаминдер, ферменттер және биофлавоноидтар сияқты 200-ден астам пайдалы компоненттер бар. Бұл көкөністі жаңа піскен күйінде ғана емес, дайын ыңғайлы формада жеу де тап сондай пайдалы әсерге ие. Мысалы, сарымсақ сығындысының капсулалары - қабынуға қарсы және қатайтатын әсері бар толығымен табиғи өнім;
  • Алма – құрамында пектин бар, ол денеден бос радикалдарды кетіруге көмектеседі, сол арқылы ерте қартаюды болдырмайды.

ББҚ-дың көмегімен қартаю процесін баяулатуға бола ма?

Қартаюға қарсы күреске бір көмек ретінде тек табиғи ингредиенттерге негізделген биоқоспаларды ғана пайдалануды айтуға болады. Олардың құрамында бос радикалдардың зиянды әсерін бейтараптандыратын және жасушалардағы тотығу процестерін тоқтататын көптеген пайдалы микроэлементтер (дәрумендер, минералдар, аминқышқылдары, күрделі липидтер) бар.

Дәріханадағы витаминдерден айырмашылығы, биологиялық қоспалар бүкіл ағзаға (жеке мүшелерге емес) пайдалы әсер етеді, тәуелділік пен аллергиялық реакцияларды тудырмайтыны ақиқат. Осы тағамдық қоспалардың бірі және бірегейі ретінде қара зире тұқымының майын жатқызуға болады.

Қара зире (тмин) – ерекше емдік күші бар өсімдік. Оның құрамында ағзаның барлық жүйелеріне пайдалы әсер ететін, терінің қартаюын бәсеңдететін және шаштың күйін жақсартатын 140-тан астам микро және макроэлементтер бар (Ежелгі Египет әйелдері зиренаны бет пен шашқа маска ретінде қолданғаны бекер емес).

Қара зире майы күшті антиоксиданттық әсерге ие. Құрамындағы тимохинон зақымдалған жасушалардың өсуін блоктайды. Терінің және регенерациясының қалпына келуіне ықпал етпек. Өкінішке орай, қартаюды толығымен болдырмау мүмкін емес, алайда бұл процесті айтарлықтай кешіктіруге болады. Ал, биологиялық қоспалар тек жасқа байланысты өзгерістерге қарсы күресте көмекші екенін есте ұстаған жөн. Бұл белсенді өмір салтын және дұрыс тамақтануды ұстанатын жанның денсаулығына тағы бір үлкен қолдау және көмек болып есептелмек.

Закрыть
Оставьте заявку
мы с вами свяжемся

Нажимая на кнопку "ОТПРАВИТЬ", я даю согласие на обработку персональных данных