Қара тұқым майы - қара зере майы

  • Пайдалы қасиеттерді сақтау үшін тікелей әуе арқылы жеткізіледі
  • Төлем алу кезінде
  • Курсты аяқтағанға дейін тегін кәсіби қолдау

Қара зере майы – денсаулығына қамқорлық жасағысы келетін және ұзақ өмір сүруді, медициналық препараттарсыз өмірінің сапасын жақсартуды қалайтын адамдарға арналған табиғи өнім.

Қара зере майы капсулаларын BioHayat компаниясынан тапсырыс беруді ұсынамыз. Себебі:

  • Заманауи технология бойынша Малайзияда жасалған өнім;
  • 100% табиғи өнім, құрамында ГМО, консерванттар мен басқа да зиянды қоспалары жоқ;
  • Әр қаптамада голограмма мен бірегей штрих-код өнімнің шынайылығын тексеруге мүмкіндік береді;
  • Барлық халықаралық сапа және Халал стандарттарына сай жасалған;
  • Клиникалық зерттеулерден өткен өнім.

 
Қара зере майын қолдану көрсеткіштері

Қара зере дәндерінің майы дәрілік зат боп саналмайды. Дегенмен оның пайдасы клиникалық зерттеулермен дәлелденген. Қара зере майы әсіресе:

  • жасқа байланысты өзгерістер кезінде;
  • ісікке қарсы терапия кезінде;
  • жоғары қан қысымы кезінде;
  • асқазан-ішек жолдары аурулары кезінде;
  • эндокринді жүйе дерін емдеу кезінде пайдалы.


Қара зере майының қолданылу тәсілдері

Биотехнолог маманның консультациясын алу үшін өтінім қалдырыңыз. Ол денсаулығыңызға қатысты бірқатар сұрақтар қойып, арнайы курс тағайындап береді. Сонымен қатар емдік курс аяқталғанға дейін жақсы нәтижеге қол жеткізгенше бақылауына алады.
Қарсы көрсетілімдері

Төмендегі жағдайларда өнімді қабылдауға ұсыныс берілмейді:

  • жүктілік;
  • 3 жасқа дейінгі балалар;
  • Ота жасалғаннан кейінгі реабилитация кезеңі;
  • 12 елі ішек жарасының асқынуы, гастриттің жедел түрі;
  • Ішкі органдардың алмастырылуы;
  • Қарқынды химиотерапия кезеңі;
  • Жеке бас төзімсіздігі.


Өнімді қолданар алдында нұсқаулықпен мұқият танысып шығыңыз және компания маманынан кеңес алыңыз.
 
Қара зере майы капсулаларын қайдан сатып алуға болады
BioHayat өнімдерінің пайдасы ғылыми дәлелденген. Бұл өнімдері барлық қажетті клиникалық зерттеулерден өткен жалғыз компания.

Капсуладағы қара зере майы – BioHayat компаниясының бірегей өнімдерінің бірі. Ол заманауи технология бойынша, яғни эфиопиялық жоғарғы сұрыпты қара зере дәндерін салқын сығымдау әдісі арқылы жасалған. Құрамында консервант, бояғыш және химиялық заттар жоқ. Салмағы 500 мг болатын жұмсақ желатин капсулалары барлық әлемдік және ұлттық сапа, сонымен қатар Халал стандарттарына сай жасалған.

Қолданар алдында биотехнолог маманымыздан кеңес алу маңызды. Себебі өнімнің қарсы көрсетілімдері бар. Біздің білікті мамандарымыз денсаулығыңызғы байланысты бірнеше сұрақтар қойып, өзіңізге қолайлы емдік курс тағайындалады. Маман кеңесі тегін. Сонымен қатар консультация барысында біздің өнімді төмендетілген бағада алуға мүмкіндік болады. Себебі курс сатып алған жағдайда біз қосымша сыйлықтар мен жеңілдіктер сыйлаймыз.

Не себепті бізге жүгінгеніңіз дұрыс:

1. Біз сапалы өнім ұсынамыз. Біздің өнімдер:

  • клиникалық зерттеулерден өткен;
  • барлық сертификаттары бар;
  • Халал стандартына сай;
  • әр қаптаманың шынайылығын дәлелдейтін QR-коды бар.


2. Көптеген жеңілдіктер мен сыйлықтар бар:

  • 4 және одан да көп өнімге тапсырыс берген жағдайда, кепілді сыйлық пен жеңілдікке ие боласыз;
  • Клиент сіздің ұсынысыңыз бойынша тапсырыс жасаған болса, сіз де, ол да өнімді жеңілдікпен алатын боласыздар.


3.Тегін жеткізіп беру қызметі:

  • Алматы қаласы бойынша – тапсырыс берілген күні;
  • басқа қалаларға – 3 күннен бастап.

Біз нәтижені көздейміз: біздің білікті биотехнолог мамандарымыз әрбір тұтынушы бақылауына алып, емдік курс аяқталғанша пайдалы кеңестерін беріп отырады.
 
Қара зере майын сатып алу үшін – сайтымызда өтінім қалдырыңыз. Сізбен маманымыз хабарласып, тегін жеткізу қызметін рәсімдеп береді. Сонымен қатар қара зере майы капсулаларын Алматы қаласындағы кеңсемізден сатып алуыңызға болады.

Өнімді қайтару және алмастыру шарттары:

  • Өнімді қайтару және алмастыру сатып алғаннан кейін 14 күн ішінде жүзеге асырылады.

 
Қара зере майының емдік қасиеттері

Қара зере – емдік қасиеттерімен танымал пайдалы өсімдік. Оның дәндері косметологиялық, емдік және басқа да салаларда кеңінен қолданылады.

Қара зере дәндерінен жасалған майлардың ішінде салқын сығымдалу әдісі бойынша алынған май ең пайдалысы болып есептеледі. Дәл осы әдіс қара зередегі барлық витаминдер мен пайдалы заттарды сақтап қалуға мүмкіндік береді. Қара зере майын Африка және Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінде (Малайзия, Мысыр, Шри-Ланка, Эфиопия және т.б.) өндіреді.

Қара зере майы – сұйық, ашық-сары түсті, өзіндік иісі мен қышқылтым дәмі бар. Ол тек ересектерге ғана емес, 3 жастан асқан балаларға да пайдалы.

Қара зере майын капсула түрінде сатып алған ыңғайлы. Қазіргі заманда қара зере майын кез келген жерде және кез келген уақытта қабылдай алу мүмкіндігі маңызды.

Қара зере майын өндірушілер санының көп екені белгілі. Сол себепті таңдау жасаған кезде өнімнің салқын сығымдалу әдісімен жасалғанына, сонымен қатар құрамында ешбір зиянды қоспаның болмауына жіті назар аудару маңызды. БиоХаят компаниясының қара зере майы осы талаптарға сай, таза табиғи өнім. Біздің сайтта өтінім қалдырып, мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Қара зере майының ағза жүйелеріне пайдасы

  1. Орталық жүйке жүйесі – ми белсенділігін арттырып, жалпы жұмысқа деген қабілеттілікті жақсартады, бас ауруы мен ұйқысыздықтан арылтады;
  2. Асқорыту жүйесі – тәбетті арттырып, асқорыту процесін жылдамдатып, асқазандағы қышқылды реттейді. Гастрит, асқазан жарасы, дисбактериоз, энтероколит, және басқа да асқазан ауруларына қосымша емдік құрал ретінде қолданылады;
  3. Несеп-қуық жүйесі – зәр айдау қызметін атқарады, ағзаны шлак пен токсиндерден тазалайды, гепатит С және пиелонефритті емдейді;
  4. Тыныс алу жүйесі – қақырық шығарады, суық тию мен тұмау кезінде, тыныс алу жүйесі дерттерінде (бронхит, ринит, синусит, баспа және т.б.) жақсы нәтиже көрсетеді;
  5. Иммундық жүйе – жалпы сауықтыру қызметін атқарып, қандағы лейкоцид деңгейін қалыпқа келтіреді;
  6. Жүрек-қан тамыр жүйесі – қан тамыры ауруларының алдын алып, қандағы холестерин мен қант деңгейін төмендетеді, липид алмасуды реттеп, қант диабетін емдейді;
  7. Эндокринді жүйе – гормон жұмысын реттейді, артық салмақпен күреседі;
  8. Репродуктивті жүйе – әйелдердің етеккір циклын қалпына келтіріп, бедеулікті емдейді. Ерлердің потенциясын арттырады.

Емдік май онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін жояды. Құрамындағы тимохинон мен селен – ісік клеткаларының дамуын тежеп, сәулелі терапиядан кейінгі ағзаны қалпына келтіріп, сауықтырады.

Құрамындағы тимохинонның әсерінен қара зере майы бауыр жасушаларын зиянды факторлар әсерінен қорғап, оны қалпына келтіріп, қызметін реттейді. Сонымен қатар өнімнің зәр айдау әсері бар, сол арқылы өт пен асқорыту жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді.,

Биохаят қара зере майының құрамындағы кальций, фосфор, А және В дәрумендері остеохондроз, артрит, артроз сынды буын ауруларына көмектеседі. Сондай-ақ бұл өнімді подаграны емдеу кезінде қосымша құрал ретінде пайдалану ұсынылады.

Май косметологиялық мақсатта сырттай да қолданылады. Қара зере майы шаш пен тері күтіміне арналған таптырмас құрал. Целлюлит кезінде қара зере майы – терінің сымбаттылығын арттырады.

Гинекологиялық дерттер мен миома кезінде әйелдерге қабылдау ұсынылады. Өнім бала көтеруге септігін тигізетін гормондар жұмысын жақсартып, бедеулік кезінде пайдалы.

Қара зере майын балаларға 3 жастан бастап иммунитетті көтеруге және инфекциялық, вирустық аурларға қарсы қабылдауға болады.
 
Қара зере майының құрамы

Қара зере майы – пайдалы заттардың қайнар көзі. Оның құрамы:
  • Полиқанықпаған және қаныққан майлы қышқылдар – жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметін реттеп, холестерин деңгейінің жоғары болуының алдын алады;
  • Дәрумендер (A, B, C, D) – буын және сүйек тіндерін сауықтырып, инфекциалық және вирустық аурулардың алдын алады;
  • Микроэлементтер (натрий, кальций, фосфор, калий, темір, марганец, мыс, мырыш және т.б.) – ағзаның барлық биологиялық процесіне қатысады;
  • 15-тен астам аминқышқылдары;
  • Фитостеролдар – холестерин мен липид деңгейін төмендетеді;
  • Фосфолипидтер – жасуша құрылымының незгізгі элементі, бауырды сауықтырады;
  • Таниндер – жалпы сауықтару және антиоксиданттық әрекет етеді;
  • Биофлавоноидтар – алмасу процесстері мен жасуша түзілуіне қатысады;
  • Алколоидтар – ауруды басатын, зәр айдайтын, буын спазмдарын басатын әсерге ие;
  • Энзимдер – жаңа клеткалардың өсуін қамтамасыз етеді, жүйке жүйесінің жұмысын реттейді;
  • Тимохинон – антиоксидант, рак клеткаларынан қорғайды;
  • Эфир майлары – шлактар мен токсиндерді шығарады, шаш пен терінің сымбатын арттырады.
 
Өнімнің құрамы, пайдасы, тапсырыс беру немесе жеткізу туралы қандай да бір сауалдарыңыз болса, сізге көмектесуге дайынбыз!

 

Получите бесплатную консультацию Биотехнолога

Оставьте заявку на сайте - с вами свяжется биотехнолог, расскажет о противопоказаниях, подберет оптимальную дозировку и курс приема, ответит на вопросы. Консультация бесплатна на протяжении всего курса.

Получите бесплатную консультацию Биотехнолога

Доставка

Курьерская доставка по всему Казахстану:

  • Бесплатно доставим ваш заказ домой или в офис в удобное для вас время - в день заказа по Алматы и от 2-3 дней в другие регионы.

Самовывоз

Мы всегда рады видеть вас в нашем офисе по адресу: г.Алматы, ул. Сеитова, д.2, где можно самостоятельно забрать заказ и проконсультироваться

Оплата при получении - после проверки заказа, наличными или банковской картой.

Басқа өнімдер

Полезные статьи о тмине

Пайдалы мақалалар

Оставьте заявку
мы с вами свяжемся

Нажимая на кнопку "ОТПРАВИТЬ", я даю согласие на обработку персональных данных