КорзинаКорзина: (0)

Saumal-табиғи сублимацияланған бие сүті

39 000
Цена за 1 шт.
  • Пайдалы қасиеттерді сақтау үшін тікелей әуе арқылы жеткізіледі
  • Төлем алу кезінде
  • Курсты аяқтағанға дейін тегін кәсіби қолдау

Саумал – өзінің бірегей емдік қасиеттерімен танымал бие сүті. Оның құрамында денсаулықты жақсартуға арналған 40-тан астам дәрумен мен микроэлемент бар. Сұйық күйінде сүт сауғаннан кейін 15-20 минут ішінде аши бастайды, яғни өзінің емдік қасиетін жоғалтады. Осы себептен оны алыс жолға тасымалдау мүмкін емес.

Қазіргі заман технологиялары, оның ішінде сублимациялау әдісі саумалдың балғындығы мен пайдалы қасиеттерін ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндік беріп отыр. Саумалды ең алдымен мұздатып қатырады, содан кейін мұздың еріп кетуіне жол бермей вакуум көмегімен бойындағы барлық сұйықтықты бу қылып шығарады. Осылайша бие сүтінен ұнтақ тәріздес өнім жасалады. Оның құрамындағы пайдалы заттар:

  • Дәрумендердің барлық тобы (A, B, C, D)
  • Микроэлементтер (калий, фосфор, магний и т.б.)
  • Бағалы аминқышқылдары
  • Полиқанықпаған майлы қышқылдар мен ферменттер (лизоцим, амилаза)
     

Лиофилизация (сублимация әдісі) бие сүтінің сақтау мерзімін ұзартумен қатар, оны қолжетімді етті. Яғни капсуладығы ұнтақ түріндегі саумалды кез келген уақытта сатып алуға болады. Барлық пайдалы құрамы сақталған сусын әрқашан жаныңызда болмақ.
 

Сублимацияланған бие сүті қабынуды басатын, микробтарға қарсы және иммуномодуляциялық қасиеттерге ие. Ол бойдағы күш-қуатты арттырып, депрессия мен созылмалы шаршаудан құтқарады.
 

Саумал – ағзаға табиғи пайдалы өнім

Саумал – дәрумендер мен минералдардың қайнар көзі. Бие сүті өзінің құрамы мен қасиеттерінің арқасында басқа үй жануарларының сүтінен алда тұрады. Тіпті ол ана сүтін алмастыра алатын табиғи өнім. Сол себепті де саумалды балалар сүт қоспасының құрамынан жиі көреміз. Оны бір жасқа дейінгі балаларға қосымша тағам ретінде пайдалануға болады.

Бие сүтінен жасалған емдік сусынның құрамы:

  • А  (ретинол) және С (аскорбин қышқылы) дәрумендері – терідегі коллаген деңгейін бірқалыпты ұстап, тіндерді қалыпқа келтіреді;
  • В12 дәрумені – эритроциттердің пайда болуына, нейрондардың дамуына көмектеседі. Ол анемияны болдырмайды, есте сақтау қабілетін жақсартып, тез шаршаудан сақтайды;
    D дәрумені – сүйектердің саулығын сақтауда маңызды рөл атқарады;
  • Кальций және фосфор – ағзаның қалыпты және дұрыс жұмыс жасауы үшін қажет (сүйекпен тістердің мықтылығы, нерв импульстарын жеткізу, жүрек және қан айналым жүйесінің қалыпты қызмет атқаруы);
  • Селен – иммундық жүйенің жұмысын, клеткалардың вирустар мен бактерияға қарсы тұру механизмін реттейді, тырнақ пен шаштың өсуіне септігін тигізеді;
  • Фолий қышқылы – жасушалардың өсуіне және ДНҚ бүтіндігіне жауап береді, ісіктердің пайда болуына жол бермейді;
  • Лактоза – зат алмасуды реттейді, сонымен қатар ішек микрофлорасын сақтайды;
  • Иммуноглобулидер (IgM, IgA, IgG) – ағзаны вирустардан қорғайтын қорғаныш қабатын түзейді;
  • Лизоцим – қабыну мен бактерияға қарсы етеді, шырышты қабатты патогенді бактерия, вирус пен саңырауқұлақтардан қорғайды;
  • Басқа да адам ағзасын ақуыз, көмірсу және минералды элементтермен қанықтыратын көптеген биологиялық заттар.


Қандай дерттерге саумал қабылдау қажет?

Бие сүтінен жасалған өнімді қабылдауға ұсыныс беріледі:

  • Респираторлы аурулар кезінде;
  • Зат алмасудың бұзылуы;
  • Асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары (Крон ауруы, гастрит, дисбактериоз, колит, функционалды диспепсия және т.б.);
  • Бауырдың созылмалы аурулары (цирроз, В және С гепатиті);
  • Онкологиялық дерттер;
  • Әртүрлі аллергиялық реакциялар кезінде (соның ішінде сиыр сүтіне аллергия кезінде);
  • Дене салмағының төмен болуымен қатар жүретін созылмалы аурулар.

Құрғақ бие сүтін қабылдауға арналған ұсыныстар

Капсуладағы саумалды түрлі дертті емдеу мақсатында ғана емес, сонымен қатар олардың алдын алу,  яғни профилактикалық мақсатта қабылдауға ұсыныс жасалады:

  • Физикалық және ойлау жүктемесі көп жағдайда;
  • Иммунитет төмен болған кезде;
  • Арықтау кезінде, диетаның кері салдарын болдырмау үшін;
  • Жарақаттанудан, сонымен қатар отадан кейін, тез арада қалыпқа келу үшін;
  • Күшейтілген спорттық жаттығулар кезінде.

Құрғақ саумалды қалай сатып алуға болады?

Хаят –өнімдері барлық клиникалық зерттеулерден өткен Қазақстандағы жалғыз компания. Біздің өнімдер ұлттық және әлемдік барлық стандарттарына сай жасалған.

Біздің капсуладағы саумалды Алматы қаласындағы кеңсемізден сатып алуға болады немесе Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды және Қазақстанның басқа да қалаларына тапсырыс бере аласыздар.

Білікті биотехнолог маманның тегін кеңесі алу үшін өтінім қалдырыңыз. Ол сіздің денсаулығыңызға қатысты бірқатар сұрақ қойып, саумал өнімінің қажетті мөлшерін және емдік курс бағасын есептеуге көмектеседі.

Остались вопросы? Задайте их нашим специалистам. Поможем!
Получите бесплатную консультацию Биотехнолога

Оставьте заявку на сайте - с вами свяжется биотехнолог, расскажет о противопоказаниях, подберет оптимальную дозировку и курс приема, ответит на вопросы. Консультация бесплатна на протяжении всего курса.

Получите бесплатную консультацию Биотехнолога

Доставка

Курьерская доставка по всему Казахстану:

  • Бесплатно доставим ваш заказ домой или в офис в удобное для вас время - в день заказа по Алматы и от 2-3 дней в другие регионы.

Самовывоз

Мы всегда рады видеть вас в нашем офисе по адресу: г.Алматы, ул. Сеитова, д.2, где можно самостоятельно забрать заказ и проконсультироваться

Оплата при получении - после проверки заказа, наличными или банковской картой.

Сертификат 1
Сертификат 2
Сертификат 3
Сертификат 4
Басқа өнімдер
Пайдалы мақалалар
Закрыть
Оставьте заявку
мы с вами свяжемся

Нажимая на кнопку "ОТПРАВИТЬ", я даю согласие на обработку персональных данных