Cозылмалы шаршау синдромы емдеу және профилактикасы

Дәрілермен, шөптік қоспалармен және физиотерапиямен созылмалы шаршау синдромын қалай емдеуге болады. Созылмалы шаршаудың алдын алу үшін профилактикалық ұсыныстар.

Созылмалы шаршау синдромы (СШС) – астенияның бір түрі болып табылады. Ол 6 айдан астам уақытқа созылатын жүйкелік және физикалық шаршау жағдайы. Мұндай кезде адам әлсіз болады, ұйқысы бұзылып, есте сақтау мен зейін қою қабілеті нашарлайды, жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Синдромның жәй шаршаудан айырмашылығы – тіпті жақсы демалыс пен тыныш ұйқыдан соң да, адам бойында әлсіздік болады.
Ресми статистикаға сүйенсек, шаршау синдромына көбіне мегаполистер мен ірі қала тұрғындары жиі шалдығады. СШС-ның таралуы туралы нақты деректер жоқ, дегенмен белгілері мың адамның 3-7-нен тіркелген.
Бұл дертке бейім адамдар:

  • 25 пен 50 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер;
  • басшылық қызметтегі және еңбекқор адамдар;
  • қауіпті кәсіптердің өкілдері;
  • созылмалы аурулары бар адамдар.

Пайда болу себептері

Созылмалы шаршау сезімінің пайда болу факторларына мыналар жатады:

  • емдеудің радикалды әдістері (хирургиялық араласулар, сәулелену, химиотерапия);
  • нашар экологиялық жағдай;
  • гиподинамия (аз қозғалыстағы өмір салты);
  • дұрыс тамақтанбау (тәтті, ащы немесе тұзды тағамдарды көп мөлшерде тұтыну және т.б.);
  • қолайсыз еңбек жағдайларынан, отбасылық ортадан, жоғары жауапкершіліктен және т.б.болатын стресс.

 
Бір немесе бірнеше фактордың болуы келесі салдарға әкелуі мүмкін:

  • жұмыс қабілеттіліктің, көңіл-күйдің, тәбеттің төмендеуі;
  • апатия, депрессия, ипохондрияның пайда болуы және дамуы;
  • иммундық жүйенің әлсіреуі, бойдағы аурулардың созылмалы кезеңге ауысуы;
  • психикалық бұзылулардың пайда болуы (фобиялар).

Созылмалы шаршау синдромының пайда болу механизмі

Тұрақты созылмалы шаршаудың нақты пайда болу себептері әлі күнге дейін анықталған жоқ. Созылмалы әлсіреудің болуын түсіндіретін бірнеше концепция бар. Олардың ішінде:

  • түрлі инфекциялар (вирустық, бактериялық, зең және т.б.);
  • психологиялық және физикалық жарақаттар;
  • қоршаған орта. Токсиндер, зең және басқа да зиянды заттар – бұл дерттің факторлары болып табылады;
  • генетикалық бейімділік – созылмалы шаршау симптомдары жақын туысқандарда болған жағдайда.

Бұл созылмалы шаршау сезімін туындататын факторлардың өзара үйлесуі – бірнеше ағза жүйесіне әсер етеді:

  • иммундық жүйе – қажетті Т-жасушалар өндірілуін немесе қызметін тоқтатады және қабыну цитокиндері мен кейбір аутоантиденелер пайда болады. Ағза бактериялар мен вирустардан қорғана алмай қалады;
  • нейроэндокринді жүйе – барлық бездердің гормон бөлінуіне жауап беретін гипофиз, гипоталамус, бүйрек үсті бездерінің қызметі бұзылып, эмоционалды және психологиялық стресске шалдығу мүмкіндігі;
  • жүрек-қан тамыры жүйесі – қатты созылмалы шаршау синдромына шалдыққан адамдар ұзақ уақыт тұрғанда өзін жайсыз сезініп, басы ауырып, жүрек айнуы мүмкін. Бұл жағдайлар қан қысымының тұрақсыздығынан болуы ықтимал. Мұндай кезде адам физикалық жүктемені, тіпті ұзақ жаяу жүргенді де көтере алмайды.
  • жасушалық метаболизм – зат алмасуы бұзылады, адам ағзасы күш-қуат жинай алмайды, регенеративті қызмет бұзылып, жаралардың жазылуы қиындайды және отадан кейінгі қалпына келу процесі нашарлайды.

Созылмалы шаршау синдромының пайда болу себептері

Созылмалы физикалық шаршау синдромының пайда болуы иммунитеттің төмендеуімен және жоғары психоэмоционалды жүктемемен тығыз байланысты. Мұны туындататын жағдайлар:

  • созылмалы ұйқысыздық;
  • дұрыс тамақтанбаудан болатын – дәрумендер, минералдар, ақуыз, май, көмірсулардың жетіспеушілігі;
  • тұрақты стресс;
  • түрлі аурулар;
  • сапалы демалыстың болмауы;
  • шамадан тыс жұмыс істеу;
  • қолайсыз экологиялық жағдай.

Созылмалы шаршаудың белгілері

Ағзаның созылмалы шаршау синдромына келесі белгілер тән:

  • ұйықтап тұрғаннан кейін немесе ұзақ уақыт демалғаннан кейін де кетпейтін әлсіздік және шаршау;
  • жарты жыл бойы жұмыс қабілеттіліктің төмен болуы;
  • бұлшықеттегі және буындағы ауырсыну. Физикалық жүктемелер кезінде ауырсыну сезімі артып, ал қозғалыссыз күйде жайсыздық сезіледі;
  • жоғары дене температурасымен бірге жүретін субфебрильді қызба;
  • фарингиттен туындаған тамақ ауруы - жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуы;
  • иммундық жүйенің әлсіреуіне байланысты ағзадағы инфекциялар мен басқа қабыну процестерінен болатын лимфа түйіндерінің ауыруы;
  • жиі бас ауруы;
  • күндізгі ұйқышылдық және түндегі нашар ұйқы. Жүйкелік сарқылу фонындағы алаңдаушылық тыныш ұйықтауға мүмкіндік бермейді, ал түнгі демалыстың болмауы шаршау мен тітіркенуді тудырады, күндіз ұйқы келеді;
  • есте сақтаудың және зейіннің нашарлауы.

Созылмалы шаршау синдромының даму сатылары

Созылмалы шаршау сезімі ақырындап дамып, үш фазадан өтеді:
1. Продромальды, яғни ағзаға қатты психологиялық және физикалық  жүктеме түсуі. Жұмыстағы немесе тұрмыстағы қиындықтар, тапсырылған іске жауапкершілік сезімі, жұмыс уақытындағы шамадан тыс жүктемелер сияқты басқа да себептер созылмалы шаршау жағдайының бірінші фазасын туындатуы мүмкін. Бұл сатыда физиотерапия, фитотерапия, дұрыс тамақтану мен демалыс жасау арқылы ауырсыну сезімінен оңай арылуға болады. Шұғыл шара қолданылмаған жағдайда, созылмалы шаршау синдромын үдетіп алу мүмкіндігі жоғары.
2. Өткір кезең, яғни адамда апатия сезімі болып, тәбеті төмендеп, ұйқысыздық пайда болады және жалпы жұмысқа деген қабілет нашарлайды. Созылмалы шаршаудың салдарынан адам мазасызданып, зейінін жинақтай алмай, бір уақытта бірнеше тапсырма орындай алмайды.
3. Созылмалы фаза. Шаршау сезімі тұрақты болған кезде.

Созылмалы шаршау қандай салдарға әкелуі мүмкін?

Бұзылысты дер кезінде анықтап, шара қолданбаған жағдайда, денсаулыққа зиянды салдарға әкелуі мүмкін:

  • қимыл-қозғалыстың аздығынан, қан мен тіндердегі оттегі жетіспеушілігі кезінде болатын буын атрофиясы;
  • ауыр депрессия – созылмалы шаршау жағдайының ең ауыр түрі. Бұл кезде көңіл-күй болмай, ойлау қабілеті нашарлап, физикалық белсенділік төмендейді;
  • созылмалы аурулардың асқынуы;
  • қысқа және ұзақ мерзімді еске сақтау қабілетінің нашарлауы;
  • қозғалыс координациясының бұзылуы;
  • жиі естен тану, себепсіз бас айналуы.

Емделудің негізгі әдістері

Созылмалы шаршау синдромын емдеуге болады ма? Созылмалы әлсіреу синдромынан арылу және әйелдер мен ер-азаматтарды осы дерттен емдеу шараларына медикаментозды және фитотерапиялық өнімдерді қолдану жатады.

Физиотерапия

Дәрігердің ұсынысына байланысты қалпына келу шаралары келесі процедураларды қамтуы мүмкін:

  • электротерапия – электрофорез, электроұйқы, дарсонвализация, ультра қысқа толқындық терапия (төмен кернеу токтары бар дененің белгілі бір аймақтарына әсер ету);
  • қызыл және инфрақызыл диапазондағы жарық сәулелерімен сәулелену кезінде лазерлік физиотерапия;
  • массаж - аяқ-қолдардағы қан айналымын жақсартатын, буындардың қызметін қалпына келтіретін, омыртқадағы ауырсынуды басатын қолмен емдеу түрі.

Психотерапия

Психотерапия курсы психиатрдың бір реттік консультациясынан айырмашылығы, СШС бар адамның жекетұлғалық  құрылымымен ұзақ мерзімді (алты айдан бастап) жұмысты қамтиды. Маман алдымен терең психологиялық байланыс орнатады, әңгімелесу жүргізеді және адамның жеке басын зерттейді. Санаға әсер ету әдістері мен тәсілдері «жеңіліс тапқан» көңіл-күйден шығуға, өзін-өзі бағалауды арттыруға, өмірлік белсенділікті ынталандыруға көмектеседі.

Дәрі-дәрмекпен емдеу

Ерлер мен әйелдердің созылмалы шаршауы аурудың сатысына байланысты дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектермен емделеді.
Бірақ тіпті дұрыс ұйымдастырылған және уақытылы емдеу – созылмалы шаршаудан туындаған жүйке немесе физикалық шаршаудан қалпына келтіруге әрдайым көмектеспейді. Мұндай кезде құрамында көп мөлшерде витаминдер мен микроэлементтер бар жоғары сапалы және табиғи тағамдық қоспалар қажет етіледі.

Фитотерапия

Дәрілерден айырмашылығы, шөптер мен басқа да өсімдіктерден алынған биологиялық белсенді қоспалар жұмсақ әрекет етеді және жанама әсерлері болмайды. Ағзаға созылмалы шаршауды жеңуге көмектесу үшін келесі емдеу әдістері жиі қолданылады:

  • қара зере майы – ондаған пайдалы заттардың көзі болып табылады: күрделі липидтер, минералдар, микроэлементтер, витаминдер, амин қышқылдары және т.б. Оны барлық дене жүйелерінің аурулары үшін қабылдау ұсынылады. Капсула түрінде шығарылатын майдың саңырауқұлаққа қарсы, қабынуға қарсы, холеретикалық әсері бар. Препарат және оның емдік қасиеттері туралы қосымша ақпаратты мына жерден табуға болады;
  • спирулина негізіндегі қоспалар - ⅔ артық протеиннен тұратын теңіз балдыры. Оның құрамында B, E, C, D топтарының витаминдері, минералдар мен микроэлементтер (кальций, мыс, темір, мырыш, магний және т.б. қосылыстар) бар. Капсуладағы балдырлар иммундық жүйені қалпына келтіру және нығайту үшін, күштің азаюы , вирустық аурулар кезінде қабылданады;
  • мумие- күрделі химиялық және биологиялық құрылымы бар табиғи биостимулятор, екінші атауы - шилажит. Өнім кальций, марганец, темір, натрий және басқа да ондаған минералдар мен микроэлементтерге бай. Оның күшті емдік, қорғаныш, қалпына келтіру әсері бар және қабынуға, импотенцияға көмектеседі.

Созылмалы шаршаудың алдын алу бойынша клиникалық нұсқаулар

Шаршау синдромын түзету және алдын алу әдістері дененің қорғаныс қызметін күшейтуге, шаршауға төзімділікті арттыруға бағытталған.
Оларға мыналар жатады:

  • дене белсенділігін арттыру – жаяу жүру, жүзу, дене шынықтыру жаттығулары, би және т.б.;
  • тамақтану режимін қалыпқа келтіру - витаминдерге, минералдарға, аминқышқылдарына бай тағам тұтыну, артық тамақтанудан, фастфудтан аулақ болу;
  • жақсы демалысты ұйымдастыру – ортаны өзгертіп, кемінде екі апталық демалыс жасау;
  • иммундық жүйені нығайту үшін витаминді-минералды кешендерді, қоректік заттарға бай шөптік препараттарды қабылдау - мысалы, қара зере майы, спирулина негізіндегі өнімдер және т.б.

Оставьте заявку
мы с вами свяжемся

Нажимая на кнопку "ОТПРАВИТЬ", я даю согласие на обработку персональных данных