Асқазан-ішек жолдары ауруларының алдын алу
Асқорыту ауруларының алдын алу - емдеуден гөрі алдын алу неге оңай? Негізгі ережелер мен ұсыныстар, дұрыс тамақтану және тбиологиялық қоспалардың рөлі

Адам денсаулығы көп жағдайда ас қорыту жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне байланысты. Өйткені, ол біздің денемізде болатын барлық зат алмасу процестеріне жауапты. Тағамды қорытудың теңдестірілген механизмінің арқасында тіндер мен органдар қажетті қоректік заттар мен энергия алады.
Бірақ, өкінішке орай, қазіргі өмір салтына сай, үнемі асығып, жылдам, әрі жеңіл тағамдар қабылдай салып, онымен қоса көп стресстік жағдайларға тап болып жатамыз. Мұның бәрі ас қорыту жүйесінің бұзылыстарын, тіпті ісік ауруларын тудыратын қауіпті факторлар болып табылады. Сондықтан асқазан-ішек ауруларының алдын алудың рөлін айтпаса да түсінікті. Алдын алу – бұл аурудың басталуын болдырмаудың немесе асқазан-ішек ауруларының белгілері пайда болған жағдайда денсаулықты айтарлықтай жақсартудың сенімді әдісі.
Асқорыту жүйесі ауруларының қауіп топтары
Асқазан-ішек жолдарының аурулары өте кең таралған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, республиканың қала тұрғындарының 50 пайыздан астамы ас қорыту жүйесінің әртүрлі ауруларымен ауырады.
Негізгі тәуекел топтарына кіретіндер:
- артық салмағы бар адамдар;
- қозғалысы аз өмір салтын ұстанатындар;
- көп және ауыр жұмыс жасайтындар;
- қант диабетімен ауыратындар;
- генетикалық бейімділігі бар адамдар (егер жақын туыстарының арасында асқазан-ішек аурулары бар адамдар болса);
- қарт адамдар.
АІЖ ауруларының себептері
Дұрыс өмір салтын ұстанбау – ас қорыту проблемаларының негізгі себебі болып табылады. Оның негізгі белгілері:
- зиянды және тұрақсыз түрде тамақтану (майлы және тұзды тағамдардың көп мөлшерін жеу, тамақтанудағы ұзақ үзілістер, артық тамақтану);
- физикалық белсенділіктің болмауы;
- алкогольге, темекіге тәуелділік;
- газдалған сусындарды, кофені шамадан тыс пайдалану.
Сонымен қатар, ас қорыту проблемаларының пайда болуы себептерінің ішінде:
- тұрақты стресс немесе жүйкеның шамадан тыс жүктемесі;
- дәрілік заттарды қабылдау;
- қатар жүретін жанама аурулар (қант диабеті, гельминтоздар және т.б.);
- аутоиммунды және эндокриндік аурулар;
- тұқым қуалайтын бейімділік.
Асқорыту жүйесі ауруларының негізгі белгілері
Ас қорыту бұзылыстары келесі белгілермен бірге жүруі мүмкін:
- іштің әр жерден ауыруы;
- тамақтанғаннан кейін кекіру;
- іштің желденуі, асқазандағы «шу»;
- асқазан қыжылы;
- жүрек айну және құсу;
- тамақтанғаннан кейін ауырлық сезімі;
- диарея немесе іш қату;
- ауыздан иіс шығуы.
Ешбір жағдайда өздігінен диагноз қойып, емдеу шараларын дәрігердің кеңесінсіз бастауға болмайды. Бұл жағдайды нашарлатуы мүмкін. Дегенмен, егер сіз өзіңіздің өмір салтыңызға үнемі оң өзгерістер енгізсеңіз, онда бұл проблемалардың алдын алуға болады.
Асқазан-ішек жолдары ауруларының алдын алу
Асқорыту жүйесінің денсаулығы үшін тамақтану мен өмір салтына қатысты бірқатар принциптерді сақтау маңызды.
Асқорыту аурулары кезіндегі дұрыс тамақтану
Тамақтану мәдениеті біздің ішкі және сыртқы жағдайымызға әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Теңгерімді тамақтануға көшу – ас қорытудан эндокриндік жүйеге дейін барлық дене жүйелерінің жұмысын қалыпқа келтіруге көмектеседі. Сондықтан ас қорыту проблемаларын шешудің негізгі міндеті – дұрыс тамақтану әдебін құру. Оның бірнеше негізгі ережелері бар:
- Тамақтану жиілігі мен режимі. Күніне кем дегенде 4-5 рет аз мөлшерде тамақтану ұсынылады. Соңғы тамақты ұйқыға дейін кем дегенде 3 сағат бұрын қабылдау керек;
- Әртүрлілік. Рацион мүмкіндігінше өсімдік және жануар текті пайдалы өнімдерді қамтуы керек. Қуырылған, майлы және тұзды тағамдарды тұтынуды шектеу, фастфудтан бас тарту қажет;
- Су ішу режимі. Күніне 2-2,5 литрге дейін су ішу ұсынылады. Газдалған сусындардан бас тарту және алкогольді тұтынуды шектеу;
- Көкөністер мен жемістер. Рационда мүмкіндігінше жаңа піскен көкөністер мен жемістер болуы керек, өйткені оларда витаминдер, минералдар және басқа да пайдалы микроэлементтер көп;
- Асықпау. Тамақтану кезінде асықпай, басқа нәрселерге және әңгімелерге алаңдамаған жөн. Бұл ретте тағамды мүмкіндігінше ұзақ және мұқият шайнау керек.
Қарапайым тағамдар дененің қоректік заттарға қажеттілігін көп жағдайда толтыра алмайды. Өнім сапасының нашарлауына, қарқынды термиялық өңдеуге байланысты тағамда микроэлементтер жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан рацион тек әртүрлі ғана емес, сонымен қатар қоректік заттар мен микроэлементтерге шынымен бай болуы үшін биологиялық қоспаларды үнемі қабылдаған жөн.
Биологиялық қоспалар – асқазан-ішек жолдары ауруларының алдын алу құралдарының бірі ретінде
Биологиялық қоспалар дәрі-дәрмектерге қарағанда ас қорыту жүйесінің ауруларымен күресуде тиімдірек болып келеді. Табиғи ингредиенттердің арқасында олар жұмсақ әсерге ие және жанама әсерлер тудырмайды. Дегенмен, оң нәтиже алу үшін оларды басқа профилактикалық шаралармен бірге қолдану керек. Дұрыс тамақтануға ауыспай, жаман әдеттерден бас тартпай және физикалық белсенділікті арттырмай, асқазан-ішек жолдарына арналған қоспалар жеткілікті дәрежеде әсер етпейді.
Асқазан-ішек жолдарының қалыпты жұмысы үшін қажетті биоқоспалар тізімі:
- қаза зере майы – бірегей емдік қасиеті бар табиғи өнім. Оның құрамындағы заттар (тимохинон, полиқанықпаған қышқылдар Омега-3 және Омега-9, A, B, C, D топтарының витаминдері және т.б.) асқазан-ішек жолдарының жұмысын тұрақтандыруға көмектеседі. Өнім перистальтиканы жақсартуға, асқазанның қышқылдығын қалыпқа келтіруге, ас қорыту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. Қара зерені ересектерге ғана емес, үш жастан асқан балаларға да қолдануға болады. Қара зере майының барлық пайдалы қасиеттері туралы осы жерден біле аласыз;
- шырғанақ майына негізделген қоспалар – емдік және қалпына келтіретін әсерге ие, асқазанның зақымдалған аймақтарын қалпына келтіруге, ішек микрофлорасын жақсартуға көмектеседі. Өнім асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары үшін де қолданылады;
- Саумал – бие сүтінен алынатын табиғи пребиотик. Оның құрамындағы витаминдер, микроэлементтер, май қышқылдары және басқа да пайдалы заттар ішек микрофлорасын қалпына келтіреді және саулығын сақтайды. Өнімді диета кезінде ас қорытудың жағымсыз салдарын болдырмау үшін қолдану ұсынылады. Саумалдың басқа да емдік қасиеттері туралы мақаладан оқи аласыз.
Ас қорыту жолдарының ауруларының алдын алуда стресс пен гиподинамиямен күресу маңызды рөл атқарады.
Асқазан-ішек жолдарының бұзылуы кезіндегі физикалық белсенділік
Дене белсенділігі жүрек-тамыр жүйесіне ғана емес, ас қорыту жүйесіне де пайдалы әсер етеді. Олар мыналарды қамтиды:
- таңертеңгілік жаттығулар;
- ұзақ серуендеу (күніне кемінде 20-30 минут);
- дене шынықтыру жаттығулары;
- әртүрлі спорт түрлерімен айналысу (жүзу, жеңіл атлетика және т.б.).
Стресс және ас қорыту аурулары
Көптеген заманауи адамдар үшін стресс тұрақты жағдай ретінде қалыптасқан. Ауыр және қауіпті жұмыс, мансап сатысымен жоғары көтерілуге ұмтылу, отбасындағы немесе жұмыс ұжымындағы қиындықтар, шамадан тыс жұмыс, өзіне қанағаттанбау сияқты, әр адамның өмірінде стресс факторлары бар. Жүйкенің шамадан тыс тұрақты жүктемесі – дененің, соның ішінде ас қорыту жолының теріс реакциясын тудыруы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін бірнеше қарапайым ұсыныстарды орындау керек:
- Кем дегенде 7-8 сағат ұйықтау, сонымен қатар белгілі бір уақытта ұйқыға жату және тұру. Бұл қарапайым ереже көптеген денсаулық мәселелерін шеше алады;
- Кезекпен жұмыс істеу және демалу. Күні бойы бір әрекет түрінен екіншісіне мүмкіндігінше жиі «ауысу», қысқа жаттығу үшін үзіліс жасау. Түскі үзіліс кезінде жаяу жүруге тырысыңыз;
- Әр түрлі тыныс алу жаттығуларын қолдану. Бұл стрессті жеңілдетудің қарапайым, бірақ тиімді әдістерінің бірі.
Асқазан-ішек ауруларының алдын алу өмір салтын елеулі түрде қайта қарауды талап етеді. Бойыңызға жаңа жақсы әдеттерді қалыптастыру оңай болмауы мүмкін, дегенмен денсаулығыңызды жақсарту – еңбегіңіздің ең тәтті жемісі болмақ.