Ерлер денсаулығы үшін қандай дәрумендер мен ББҚ керек?

Биологиялық белсенді қоспалар ерлер денсаулығы, энергияның жоғарылауы, либидоның жоғарылауы, жүрек және қан тамырларының денсаулығы үшін қажет .

«Ауру – астан» деп халық арасында бекер айтылмаса керек-ті. Яғни біздің ағзамыздың саулығы – тұтынған тағамдарымызға тікелей байланысты. Өкінішке орай, қазіргі заман азық-түліктері ағзаны қажетті элементтермен қанықтыруға қауқарсыз. Нашар экология, уақыттың жетіспеушілігі мен үнемі стрессте жүру – ағзаны тез зарықтырып, шаршатып жібереді.
Ер адамдар өздерінің ресурстарын шексіз санап, денсаулығына аз көңіл бөледі. Дегенмен, 35-40 жаста ер адамдардың көпшілігінде иммунитет нашарлайды, потенциал төмендейді, созылмалы аурулар пайда болады. Сондықтан ағзаны нығайту үшін дәрумендерге бай әртүрлі тағамдар, сондай-ақ ерлерге ұсынылатын биологиялық белсенді қоспалар қолданып отыру қажет. Олар қоректік заттардың жетіспеушілігін өтейді, соның арқасында жалпы денсаулық жақсарып, денедегі күш пен қуат артады.

Ерлерге қажет минералдар мен дәрумендер

Әйелдерге қарағанда, ерлердің бұлшықеттері жақсы жетілген және дене құрылымы да ірі болып келеді, сондықтан олар өмірлік маңызды функцияларды сақтау үшін көбірек витаминдер мен минералдарды қажет етеді. Белгілі бір микроэлементтерге деген қажеттілік ерлер физиологиясының ерекшеліктеріне байланысты. Осылайша, ерлер әйелдерге қарағанда темірді әлдеқайда аз сіңіреді. Бірақ оларға простата патологиясының қаупін азайтатын бор және тестостерон өндіру үшін маңызды мырыш көбірек қажет. Репродуктивті жүйенің қалыпты жұмыс істеуін селен және L-аргинин қамтамасыз етеді.
Ерлердің денсаулығы үшін барлық дәрумендер маңызды, дегенмен кей дәрумендерге басымдылық берген жөн:

  • А дәрумені. Иммундық жүйені нығайтады, жасуша регенерациясын бақылайды, көру органдарының жұмысын реттейді, жыныстық функцияны бақылайтын гормон - тестостеронды өндіруге қатысады.
  • В тобының витаминдері. Ақуыз тағамдарын қорытуға, жануарлар мен өсімдік ақуыздарын ыдыратуға, қоректік компоненттерді дененің барлық мүшелері мен жүйелеріне таратуға көмектеседі.
  • С дәрумені. Стресс пен жаман әдеттердің әсерімен күреседі, қан қысымын қалыпқа келтіреді, жараның жазылуына ықпал етеді, жасқа байланысты өзгерістердің қарқындылығын төмендетеді.
  • Е дәрумені. Жыныстық гормондардың тұрақты өндірісіне ықпал ететін ерлер күші үшін маңызды қосылыстардың бірі. Холестерин деңгейін төмендетеді, қартаю процесімен күреседі, қан тамырларының қабырғаларын нығайтады.
  • N дәрумені. Бауырды қалыпқа келтіреді, май және көмірсулар алмасуына қатысады, улы метаболиттерді жоюға ықпал етеді, қалқанша безді ынталандырады.

30 жастан асқан ерлерге пайдалы қоспалар

Отыз жастағы ер азаматтар, әдетте, өмірге құштар, күш-қуаты көп болып келеді.  Дегенмен, дәл осы жаста метаболизм баяулайды, біртіндеп шаштар ағарады, созылмалы аурулардың белгілері пайда болып, көптеген адамдар қартаюдың алғашқы белгілерін байқай бастайды. Ал уақытылы шара қолданбаған жағдайда, жас ұлғаюмен байланысты ағза өзгерістері көп күттірмейді. Ерлердің денсаулығын нығайту және жастықты сақтау үшін биологиялық белсенді қоспаларды пайдалану қажет.
Фармакологиялық өнеркәсіп витаминді-минералды кешендердің екі түрін ұсынады:

  • Емдік – бір немесе бірнеше қоректік заттардың жетіспеушілігін толтыратын жеке дәрумендердің немесе микроэлементтердің жоғарылатылған дозасымен;
  • Профилактикалық – өмірлік маңызды заттар кешенінің төмен дозасымен.

Гипервитаминоз қаупін жою үшін алдымен дәрігер кеңесін алу және ағзадағы витаминдердің деңгейін анықтайтын тадау жасау ұсынылады. Витаминдік кешендердің жалпы кемшілігі – олардың синтетикалық шығу тегі болып табылады, сондықтан олар ағзаға өте баяу сіңеді, бүйрек және бауырға теріс әсер етуі мүмкін.

40 жастан асқан ерлерге арналған витаминдер

Кемелдену жасындағы ер азаматтар денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарауы керек. Осы жасқа жеткеннен кейін сүйек тіндері минералды тығыздығын біртіндеп жоғалта бастайды. Егер кальций тапшылығы толтырылмаса, онда белгілі бір уақыттан кейін адам бойында остеопороз дамиды. Гормоналды деңгейлердің жастың ұлғаюына байланысты төмендеуі шаш фолликулаларының күйіне және таз дақтарының пайда болуына ықпал етеді. Магний, калий және витаминдердің жетіспеушілігінің салдары – жүрек-тамыр жүйесінің әлсіреуі, инфаркт пен инсульт қаупін арттырады.
Қырық жастан асқан кезде ағзаны қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғау әсіресе маңызды. Биологиялық белсенді қоспалар – осы жастағы ерлердің денсаулығын қорғаудың таптырмас құралы болып табылады. Мысалы: А витаминінің тәуліктік мөлшері шамамен 900 мкг, аскорбин қышқылы - 90 мг, фолий қышқылы - 400 мкг, D витамині - 20 мкг. 40 жастан кейін В тобының витаминдеріне деген қажеттілік төмендейді, өйткені бұлшықет тінінің өсуі мен сперматозоидтардың пайда болуының қарқындылығы азаяды. Дегенмен, бұл кешендер де барлық синтетикалық препараттар сияқты жанама әсерлерге ие, сіңімділігі төмен, бауырға теріс әсері бар.

Ерлерге не себепті ББҚ қабылдау қажет

Синтетикалық препараттарға қарағанда, биологиялық белсенді қоспалар таза табиғи өсімдік сығындыларынан жасалған. Сондықтан олар дәріханадағы дәрумендерге қарағанда жанама әсерлерді тудырмайды және ағзаға жақсы сіңеді. Сонымен қатар, витаминдер сияқты, денені барлық қажетті дәрумендер мен минералдармен қоректендіре алады. Биологиялық белсенді қоспалардың айқын артықшылықтары:

  • табиғи құрамы, синтетикалық компоненттердің болмауы;
  • отыздан қырық жасқа дейінгі және одан жоғары жастағы ер адамдарға бейімделген ингредиенттер жиынтығының болуы;
  • жұмсақ, әрі ұзақ мерзімді әсер етуі;
  • жанама әсерлердің болмауы (жеке төзімсіздік жағдайларын қоспағанда);
  • ең аз қарсы көрсеткіштер;
  • қабылдауға ыңғайлы формаларының болуы (капсулалар, таблеткалар, сироптар, тамшылар және т.б.);
  • қол жетімді бағасы;
  • тұрақты нәтиже көрсете алуы.

ББҚ ағзаға өте тиімді әсер етеді. Оларды профилактикалық мақсаттарда, яғни иммунитетті нығайту, күш-қуатты арттыру және жұмысқабілеттілікті жақсарту үшін қабылайды.

Ерлерге арналған ең жақсы биоқоспалар

30-40 және одан жоғары жастағы ерлердің денсаулығының барлық функцияларын тиімді түрде қалыпқа келтіретін биоқоспалар:

  • Сарымсақ майы. Сарымсақ – иммундық жүйені нығайтуға, қан қысымын және холестерин алмасуын қалыпқа келтіруге, қант диабетімен ауыратын науқастарда қант деңгейін төмендетуге, қуық асты безін жақсартуға, ми мен несеп-жыныс мүшелерінің жұмысын жақсартуға көмектесетін бірегей өсімдік. Сарымсақ майын қолданудың нәтижесінде либидоның жоғарылауы,  жүрек пен қан тамырларының саулығы, ми қызметінің жақсаруы, энергияның жоғарылауы байқалады. Сарымсақ майы туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.
  • Женьшень сығындысы. Қытай медицинасында «өмірдің тамыры» деп аталатын өсімдік денсаулықты жақсартуға арналған биоқоспалардың бірі болып саналады. Оның құрамындағы биоактивті заттар ағза мүшелерін ынталандырады, тонусты арттырады және ағзаның бейімделуін жақсартады.
  • Гинкго билоба сығындысы. Бұл өсімдіктің жапырақтарынан алынған сығынды қан тамырларының қабырғаларын босаңсыту арқылы қан айналымын қалыпқа келтіреді, нәтижесінде мидың, жүрек-тамыр және репродуктивті жүйелердің белсенділігі жақсарады.

Бұл табиғи препараттар жұмсақ әсер етеді, ер адамның ағзасын сауықтырады және нығайтады. Әл-ауқаттың жақсаруы биологиялық қоспаларды шамамен екі-үш апта үнемі қолданғаннан кейін байқалады. Белсенді өмір салты үшін  биоқоспаларды дәріханалардан немесе сенімді мамандандырылған сайттардан сатып алған жөн.

Оставьте заявку
мы с вами свяжемся

Нажимая на кнопку "ОТПРАВИТЬ", я даю согласие на обработку персональных данных