Иммундық жүйені нығайту: ағзаны қорғаудың тиімді жолдары

Дәрі-дәрмексіз иммунитетті қалай нығайтуға болады? Ағзаның табиғи қорғанысын қалпына келтірудің негізгі әдістері және алдын алу шаралары. Иммунитетті көтерудің ең жақсы әдістері.

Иммунитет –зақымданған жасушаларды жоятын және зиянды бактериялар мен вирустарды залалсыздандыратын ағзамыздың ерекше қорғаныс қабілеті. Біздің иммундық жүйеміздің қабілеттері:

  • бөгде жасушаларды анықтау;
  • ағзамыздың бөгде заттармен байланысын есте сақтау;
  • қауіпке әсер ететін бірнеше жасуша түрін көбейту.

Ағзаға қандай да бір қауіп төнген жағдайда көкбауыр, қызыл сүйек кемігі, лимфа түйіндері макрофагтар мен лимфоциттер түзей бастайды. Бұл өз кезегінде иммунитеттің нығаюына септігін тигізеді. Макрофаг дегеніміз – адам ағзасындағы жат элементтерді қоршап, қорытып жіберетін жасуша. Лимфоцит – аурулар мен ісіктерге қарсы күресетін антиденелер өндіретін иммундық жүйенің негізгі жасушасы. Дегенмен иммундық жүйе жұмысы кей жағдайда бұзылуы мүмкін. Оған әсер ететін факторлар:

  • шамадан тыс алкогольді өнімдерді қабылдау;
  • шылым шегу;
  • дұрыс тамақтанбау;
  • созылмалы шаршау, ұйқы жеткіліксіздігі;
  • тұқымқуалайтын дерттер;
  • шамадан тыс физикалық белсенділік немесе оның мүлде жоқ болуы;
  • радиация деңгейінің жоғары болуы;
  • химиялық заттар мен өнеркәсіптік заттармен улану және т.б.

Иммунитет төмендеуінің себептері

Иммунитет нашарлауының кең тараған себептері – гиповитаминоз және авитаминоз. Гиповитаминоз кезінде ағзаға бір немесе бірнеше дәрумен түрі жетіспейді. Оған әсер ететін факторлар ретінде асқазан-ішек жолдары ауруларын, аллергиялық реакцияларды, кейбір дәрілік заттардың әсерін атап өтуге болады. Витаминдердің үнемі жетіспеушілігі авитаминозға әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл жағдайда науқас өзін үнемі шаршаңқы сезініп, аз ғана физикалық белсінділіктен буындары ауырады.
 Гиповитаминозға бейім адамдар:

  • үнемі күйзелісте жүретіндер;
  • жүктілік және бала емізу кезіндегі әйелдер;
  • күн сәулесі жеткіліксіз мекенде өмір сүретін және жұмыс істейтін адамдар;
  • ұзақ мерзімді инфекциялық дерттерді бастан өткізгендер.
     

Препараттар мен ББҚ көмегімен иммунитетті қалай нығайтуға болады

 Ағзаның түрлі дерттер мен өзге қауіптерге төтеп беру қабілетін дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспалар қамтамасыз ете алады. Иммунитетті көтеретін өнімдер:
1. Табиғи өнімдер – дәрілік заттарға қарағанда қауіпсіз болып келеді және жақсы нәтиже көрсете алады. Мұндай өнім ретінде – Саумал препаратын атап өтуге болады. Саумал – микробтар мен қабынуға қарсы және иммунитетті нығайтуға жақсы әсер ететін бие сүті. Оның құрамындағы пайдалы дәрумендер мен микроэлементтер ағзаның қорғаныш қабілетін сақтауға көмектеседі. Бұл сусынның бірегей емдік қасиеттері мен ыңғайлы қаптамасы туралы осы жерден білуге болады.
Сонымен қатар құрамында эхинацея бар шөптік өнімдер де иммуномодуляциялық қасиеттерге ие.
2. Бактериялық препараттар. Бактериялық иммуномодуляторларға бактерия жасушалары негізінде жасалған дәрілік өнімдерді жатқызуға болады. Нақты иммунодефицит жағдайында терапервт дәрігерлер мен иммунологтар рибомунил, ликопид, имудон, IRS-19 сынды дәрілік заттармен ем шара тағайындап береді.
3. Интерферон препараттары. Интерферон – вирустармен күресу үшін адам ағзасымен синтезделетін ақуыз. Интерферон негізіндегі дәрілік заттар ұзақ уақыт сырқаттанған науқастарға тағайындалады. Т-лимфоциттерін синтездейтін интерферон-гамма жасушалары иммуномодуляциялық әсер етеді. Ақуыз негізінде Гриппферон, Реаферон-липинт, Альфарона, Лайфферон, Альтевир препараттары жасалған.
4. Иммуноглобулинді препараттар. Инфекциялық аурулардан айыққан науқастарға, А гепатитінің алдын алу үшін тағайындалады. Иммуноглобулиндер тұмау, көкжөтел, полиомиелит, менингококк инфекциясының алдын алуға жақсы көмектеседі.
5. Синтетикалық дәрілер. Жасушалық және гуморальдық иммунитетке әсер ететін жасанды препараттар (полиоксидоний, глутоксим, галавит, тимоген). Бұл өнімдер зат алмасуға, моноцит-макрофаг жасушаларының, нейтрофилдердің түзілуіне әсер етеді.
Денсаулыққа зиян келтірмей иммунитетті қалай жақсартуға болады? Бірінші кезекте қандай да бір дәрілік затты қабылдар алдында иммунолог дәрігердің кеңесін алған жөн. Өз бетімен синтетикалық дәрілерді қабылдау – иммундық жүйе жұмысының бұзылысына немесе тіпті аутоиммундық дертке шалдықтыруы мүмкін.

Иммуномодуляциялық препараттардың нәтиже бермеу себептері

Иммуномодулятор – адам ағзасының қорғаныш механизмін баяулататын немесе белсендіре алатын дәрілік өнім. Өз бетімен қабылданған мұндай препараттар нәтиже бермегеннен бұрын, иммундық жүйе қызметіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себепті антиденелерге тест жасап, иммунитетке ең тиімді препаратты ұсынатын иммунолог дәрігер кеңесіне жүгінген жөн.
Денсаулыққа зиян келтірмей иммунитет көтеруде өсімдік сығындысынан жасалған өнімдер жақсы нәтиже көрсетеді. Мұндай препараттарды ұзақ мерзім қабылдаған жағдайда да адамның ішкі ағзалары мен жүйелеріне кері әсері болмайды.

Дәрі-дәрмексіз иммунитетті қалай көтеруге болады: дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын сақтау

Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын сақтау ересектер мен балалардың иммунитетін нығайтуда маңызды рөл атқарады. Адам ағзасы өте көп мөлшердегі микроэлементтерді синтездеуге қабілетті. Дегенмен дәрумендердің көпшілігі адам ағзасына тағам арқылы барады. Сол себепті дұрыс тамақтану аса маңызды. Ол үшін келесі кеңестерге жүгінген дұрыс:

  • құрамында дәрумендер, минералды заттар, полиқанықпаған майлар мен аминқышқылдары жоғары тағамдарды (көкөністер, жемістер, балық, жаңғақ түрлері, майсыз ет) қабылдау;
  • ысталған және қуырылған тағамды шектеу;
  • зиянды әдеттерден бас тарту.

Ағзаның қорғаныш қабілетін нығайту үшін күнделікті ас құрамындағы дәрумендер жеткіліксіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда шөптерден (түймедақ, шайқурай, женшень, эхинацея, элеутерококк) жасалған қайнатпалар мен тұнбалар көмектеседі.
Дәрісіз иммундық жүйені нығайтуға ара шаруашылығы өнімдері де көмектеседі:

  • прополис – суық тию мен басқа да вирустық инфекциялармен күресетін антибактериалдық өнім;
  • балауыз – тыныс алу жолдары мен өкпені тазартады, мұрын бітелуі кезінде көмектеседі;
  • ара сүті – қыс және көктем мезгіліндегі суық тиюге қарсы қолданылатын табиғи антибиотик, қант деңгейін төмендететін өнім.

Ағзаның ауруларға төзімділігін, жұмыс қабілеттілікті арттыруға, күні бойы жақсы көңіл-күймен жүруге және тыныш ұйықтауға сумен шынығу арқылы қол жеткізуге болады. Жақсы нәтижеге жетудің басты талаптары:

  • сумен шынығуды біртіндеп бастау керек. Су процедураларын дымқыл сүлгімен сүртінуден бастау ұсынылады;
  • жүйелі түрде күнделікті шынығу;
  • терапевт немесе иммунолог дәрігер кеңесін алу. Денсаулық нашарлаған жағдайда су процедурасын тоқтатып, маман көмегіне жүгіну.

Зат алмасудың қарқындылығы тікелей иммунитеттің жоғарылауына әсер етеді. Спортзалға абонемент алмай-ақ, жәй ғана жаяу серуендеу және өзге де жаныңызға жақын физикалық белсенділік (би, аэробика, йога, т.б.) жасау жеткілікті.

Иммунитетті нығайтуға және профилактикасына арналған дәрумендер

Дәрумен кешендерінің басты құндылығы – олардың ағзадағы қоректік заттардың қорын толықтыруға көмектесуінде. Бұл келесі жағдайларда аса маңызды:

  • күз-қыс мезгілінде суық тию ауруларының профилактика шарасы ретінде;
  • отадан немесе ауыр инфекциялық дерттен кейінгі қалпына келу кезеңінде;
  • уақыт белдеулерінің өзгеруі кезінде;
  • ауыр психологиялық стресс кезінде.

Иммунитетке арналған ТОП-5 дәрумен

Иммунитет пен зат алмасуға әсер ететін дәрумендерсіз ағзаның қалыпты қызмет етуі мүмкін емес:

  • D – ультрафиолет сәулесі арқылы терімен синтезделеді және тағамдық азық-түліктер арқылы барады. Инсулин деңгейін қалыпты етіп, ми, өкпе және жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді;
  • B - метаболизмге белсенді қатысатын суда еритін витаминдер. Өсімдік тағамдары (қырыққабат, жаңғақ, қарақұмық, күріш, сәбіз, бұршақ, картоп және т.б.), ет және жануарлардың ішектері құрамында болады.
  • E - жасушалық мембраналар мен ақуыздардың түзілуіне, иммундық жүйені емдеуге көмектеседі;
  • С – иммундық жүйені нығайтады, жараның жазылуына ықпал етеді, тіс пен қызыл иектің саулығын, қан түзілуін және басқа да процестерді жақсартады. Жидектерде, цитрус жемістерінде және көкөністерде кездеседі;
  • А - тотығу және емдеу процестеріне, ақуыз синтезіне әсер етеді, сүйек және бұлшықет тінін құрайды.
     

 

Оставьте заявку
мы с вами свяжемся

Нажимая на кнопку "ОТПРАВИТЬ", я даю согласие на обработку персональных данных