Қан қысымы, гипертония кезінде қалай тамақтанған дұрыс
Жоғары қан қысымы кезінде қандай тағамдарды жеуге болады? Дұрыс тамақтанудың негізгі ережелері. Қан қысымын қалыпқа келтірудегі тағамдық қоспалардың рөлі.

Тамақтану – салауатты өмір салтының негізгі аспектілерінің бірі, денсаулықтың, әл-ауқаттың және ұзақ өмір сүрудің қайнар көзі. Ол ағзаның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, қартаю процесін баяулатады, көптеген аурулардың, соның ішінде қан қысымының жоғарылауымен бірге жүретін гипертонияның дамуын болдырмайды. Дұрыс және салауатты тамақтану әдеттері гипертониялық кризді болдырмауға ғана емес, сонымен қатар жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді, жүрекке жүктемені айтарлықтай азайтуға көмектеседі.
Жоғары қысымын қалай жеңуге болады, қандай тағамдарды жеуге болады және қайсысынан бас тартқан дұрыс екені осы мақалада айтылады.
Гипертония кезіндегі диеталық тамақтанудың негізгі принциптері
Рационалды және теңдестірілген диетаға көшу гипертонияны емдеу мен алдын алудың ең маңызды құралы болып табылады. Бұл қалыпты қан қысымын ұстап тұрудың және дене салмағын азайтудың қарапайым және қолжетімді әдісі, өйткені әрбір артық килограмм қан қысымын 1-3 сатыға арттырады.
Түсінікті және өте қарапайым бірнеше ережені сақтау ұсынылады:
- Дұрыс тамақтану. Тамақты аз көлемде, күніне 3-4 рет қабылдау. Сондай-ақ, ұйықтар алдында тамақ ішпеу.
- Тұз мөлшерін азайту. Оның артық болуы денеде сұйықтықтың сақталуына және қан көлемінің ұлғаюына әкеледі. Тәуліктік норманы 3-5 г дейін азайту керек.
- Май мөлшерін шектеу. Қандағы холестерин деңгейінің жоғарылауы жоғары қан қысымының себебі болуы мүмкін. Яғни «холестериндік бляшкалардың» пайда болуына байланысты қан тамырларының бітелуі ықтимал. Холестериннің негізгі көздері – майлы ет, сүт өнімдері, жұмыртқа, сары май. Осы сынды тағамдарды пайдалануды барынша шектеп, өсімдік майларына бай тағамдарға (жаңғақ, балық және т.б.) артықшылық беру керек.
- Биологиялық белсенді қоспаларды қабылдау – қоректік заттардың қосымша көзі ретінде өте жақсы нәтиже көрсетеді. Олардың құрамында жүрек-қантамыр жүйесіне оң әсер ететін және қан қысымын қалыпқа келтіруге көмектесетін дәрумендер, минералдар және басқа да микроэлементтер көп. Мұндай өнімдерді сатып алғанда, қоспаның жоғары сапасына кепілдік беретін сертификаттардың болуына назар аудару керек. Мысалы, отандық BioHayat өндірушісінің тағамдық қоспалары Қазақстанда ресми түрде сертификатталған және халықаралық сапа стандарттарына (ISO 9000, GMP, EAC) сәйкес келеді. Бұл өнімдер туралы толығырақ білу үшін сілтемеге өтіңіз.
- Қарапайым көмірсуларды күрделі көмірсуларға ауыстыру. Нан және кондитерлік өнімдер қарапайым (жеңіл сіңімді) көмірсулардың негізгі көзі болып табылады. Біздің тамақтану рационымызда олар неғұрлым көп болса, соғұрлым артық салмақ пайда болу ықтималдығы артады және бұл гипертонияға тікелей апаратын жол. Сондықтан рационға күрделі (баяу) көмірсуларға бай тағамдарды қосқан жөн. Олар – тұтас дәнді дақылдар, тұтас дәндерден даярланған нан, кебек, жидектер. Кәмпиттер мен кондитерлік өнімдерді кептірілген жемістерге, тұтас дәнді батончиктерге, жидектерге алмастыруға, қанттың орнына шайға аздап бал қосуға болады.
- Кофеиннен бас тарту. Қара шай, какао сынды сусындар күшті сергітетін әсерге ие. Оларды жиі қолдану – қан тамырларының спазмын және жүрекке қосымша жүктемені тудыруы мүмкін.
- Тамақ пісіру әдісі. Егер сіздің мәзіріңізде қуырылған тағамдар басым болса, одан біржола бас тарту керек. Қуыру процесінде тағамда денсаулыққа орны толмас зиян келтіруі мүмкін қауіпті заттар –канцерогендер пайда болады. Ең пайдалысы – қайнатылған, бұқтырылған немесе пеште пісірілген тағамдар.
- Көкөністер мен жемістер. Олардың құрамында жасұнықтың көп мөлшері бар. Жасұнық – тағамдық пайдалы талшықтар, ол ағзаны тазартып қана қоймай, сонымен қатар қан қысымын қалыпқа келтіреді.
- Калий мен магний жүректің қалыпты жұмыс істеуі, тұрақты қан қысымы үшін қажет. Олардың жетіспеушілігі жүрек ырғағының бұзылуына, созылмалы шаршауға және қан қысымының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Калий мен магнийдің табиғи көздері: дәнді дақылдар, кейбір көкөністер – қызылша, сәбіз, қырыққабат, теңіз өнімдері.
- Су ішу режимі жоғары қан қысымымен күресудің маңызды шарасы болып табылады. Сұйықтықтың жетіспеушілігі метаболизмнің бұзылуына, қанның тұтқырлығының жоғарылауына, қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігінің артуына әкеледі. Судың тәуліктік бөлігі дене салмағының 1 кг үшін кемінде 40-50 мл болуы керек.
Гипертония кезінде қандай биологиялық белсенді қоспаларды қабылдауға болады?
Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ)– бұл дәрілік өсімдіктер мен шөптерден алынған сығындыларға негізделген табиғи өнімдер. Кәдімгі таблеткаларға қарағанда, олардың көптеген артықшылықтары бар:
- Қоректік заттардың жоғары концентрациясы. ББҚ – химиялық компоненттері, бояғыштары және басқа да зиянды қоспалары жоқ экологиялық таза өнім болып табылады.
- Денсаулыққа зиян келтірмей, оң нәтиже көрсетеді. Қоспалар тәуелділік пен жанама әсерлерді тудырмай, барлық жүйелер мен органдарға жұмсақ әсер етеді.
- Қарсы көрсеткіштердің болмауы. Көптеген қоспаларды үш жастан асқан балалар мен жүкті әйелдер де қабылдай алады.
- Қолданудың ыңғайлылығы. Шығару формаларының (капсулалар, ұнтақ, таблеткалар және т.б.) әртүрлілігінің арқасында пайдалы өнімдер әрқашан жаныңызда болады.
Қан қысымын тұрақтандыруға көмектесетін тағамдық қоспалардың арасында келесілерді атап өтуге болады:
- Магний - ағзадағы барлық биохимиялық процестерге қатысатын, жүрек-тамыр жүйесінің жұмысына жауап беретін микроэлемент. Магний бар қоспалар су-тұз балансын қалпына келтіреді, жүйке-бұлшықет белсенділігін жақсартады және қан қысымын қалыпқа келтіреді.
- Костус тамыры (Қыст Аль-Хинди) – гипертониямен күресудің таптырмас құралы болып табылады. Оның құрамында барлық топтардың витаминдері, аминқышқылдары, минералдар бар. Бұл өсімдіктің тамырынан алынған ұнтақ сергітетін және қалпына келтіретін әсерге ие, қан айналымы жүйесінің жұмысын жақсартады және қысымды төмендетеді. Бұл өнім туралы қосымша ақпаратты мына жерден табуға болады.
- Фолий қышқылы (В9 дәрумені) - қандағы зат алмасу нәтижесінде түзілетін күкірті бар амин қышқылы - гомоцистеин деңгейін төмендетуге көмектеседі. ББҚ жүрек-тамыр ауруларының, соның ішінде артериялық гипертензияның даму қаупін азайтады.
- Құрамында жасұнық бар қоспалар – асқазан-ішек жолдарының жұмысын қалпына келтіруге, қандағы холестерин деңгейін төмендетуге және қауіпті патологияларды болдырмауға көмектеседі. Тағамдық талшық ішек бактериялары шығаратын қышқыл пропионаттың өндірісін ынталандырады. Бұл зат ағзаны гипертонияның теріс әсерінен, соның ішінде атеросклероздан, жүрек жеткіліксіздігінен және т.б. қорғайды.
Денсаулыққа кері әсер ететін 5 түрлі тағам
- Тұз. Ірімшіктің қатты түрлері, фастфуд, жартылай фабрикаттар, тұздалған және маринадталған көкөністерде тұздың мөлшері өте көп;
- Кофе мен энергетикалық сусындарды, күшті қара шайды қабылдауға тиым салынады. Денені сергіту мақсатында сіз денсаулығыңызға орасан нұқсан келтіруіңіз ықтимал.
- Қант – гипертониялық науқастардың тағы бір жауы. Торттар мен кондитерлік өнімдерді жемістермен немесе кептірілген жемістермен ауыстыру ұсынылады;
- Қызыл ет – сиыр еті, шошқа еті, қой еті. Ақуыздың жоғары болуына қарамастан, ет қаныққан май қышқылдарының көзі болып табылады. Олар ағзада жиналып, қан ағымын нашарлатады және қысымның құбылмалы болуын тудыруы мүмкін;
- Холестеринге «бай» тағамдар - балық уылдырығы, субөнімдер (бүйрек, бауыр, жүрек), майлы ет. Жұмыртқаны қатаң шектеулі мөлшерде тұтынуға болады (күніне бір жұмыртқа жеткілікті).
Гипертония кезіндегі пайдалы 10 тағам
Гипертония кезіндегі ең жақсы тағамдардың тізіміне мыналар кіреді:
- Майы аз сүт өнімдері (айран, сүзбе, сүт, қантсыз йогурт) – кальций, магний, калий көзі;
- Буға пісірілген балық - лосось, қызғылт лосось, скумбрия. Денені полиқанықпаған май қышқылдарымен (Омега-3 және 6) байытады. 150-200 г-нан аптасына 3 рет тұтыну жеткілікті;
- Кептірілген жемістер (мейіз, кептірілген өрік, қара өрік, құрма, інжір) – құрамында калий, магний, фосфор, жасұнық көп;
- Асқабақ тұқымдары - жүректің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті мырыш көзі;
- Жаңғақтар (бадам, грек жаңғағы және т.б.) - селен, Е дәрумені, калийді толтырады;
- Жасыл шай - табиғи антиоксидант;
- Сарымсақ. Оны шикі түрде тұтынудың қажеті жоқ. Ең дұрысы – капсуладағы табиғи сарымсақ сығындысы;
- Жаңа піскен көкөніс салаттары. Буға пісірілген көкөністер де пайдалы;
- Йодқа бай теңіз өнімдері (теңіз балдырлары, асшаяндар, мидиялар және т.б.);
- Жемістер мен жидектер - авокадо, апельсин, мандарин, құлпынай, таңқурай. Олардың құрамында қан қысымын төмендететін биофлавоноидтардың көп мөлшері бар.
Тамақтану – жоғары қан қысымын емдеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Дәрі-дәрмектерді қабылдаумен қатар, пайдалы және дұрыс тамақтануға ауысу – қауіп-қатер факторының алдын алып, денді сауықтыруға жасалған маңызды қадам болмақ.