Артрит пен артроз профилактикасы: ерекшеліктері мен негізгі әдістері

Аяқ пен қол артриті және артрозы пайда болуы мен дамуының алдын алу шаралары. ББҚ қоспалар арқылы аурулардың алу, профилактикалық шараларды таңдау бойынша ұсыныстар.

Многие врачи рекомендуют масло черного тмина при артрите и артрозе, как дополнение к основному лечению.

Буындағы ауырсыну (артралгия) – дәнекер және сүйек тіндерінің бір немесе бірнеше ауруларының салдарынан пайда болады. Буындардың ішінде дамитын қабыну процесі қайтымсыз өзгерістерді тудыруы, тіпті сүйектердің қосылған жеріндегі қозғалғыштықты шектеп және қатты ауырсынуға дейін апаруы мүмкін. Буын аурулары ішіндегі ең көп тарағандары – артроз және артрит.

Артрит және артроз: қандай дерттер және айырмашылығы неде

Артрит – инфекциядан, иммундық жүйе немесе зат алмасу процесінің бұзылысынан пайда болатын буын ауруы. Артрит ауруында буындар қозғалыс кезінде қатты ауырып, тері қызарады, ісінеді. Ауру буынның деформациясына, сіңірлер мен байламдардың әлсіреуіне әкеледі, сонымен қатар өмірлік маңызды органдардың (жүрек, бауыр, бүйрек) жұмысына теріс әсер етуі мүмкін. Көбіне артрит әйелдерде 40-45 жастан кейін дамиды.
Артриттен айырмашылығы, артроз – бұл тек сүйек тініне әсер ететін қабыну процесі. Ол буын шеміршектеріне әсер етеді, қолды немесе аяқты бүгу және иілу кезінде қытырлаған дыбыс естіледі. Артроз  - бұл егде жастағы адамдарға тән созылмалы буын ауруы. Бұл буындардың бұзылысына және сүйек құрылымының өзгеруіне әкеледі. Ауру әйелдерде де, ерлерде де, әсіресе қолдың және аяқ буындарына жоғары жүктеме жасайтын адамдарда кездеседі.
Қазақстанның Ревмотоидтық аурулар Республикалық Орталығының мәліметінше, 2020 жылы 860 мың адамнан ревматикалық аурулар анықталды. Олардың 22,5% артрозбен ауырса, 9% ревматоидты артриттен зардап шегетін көрінеді.
Артрит те, артроз да толық емделмейді. Арнайы препараттармен емдеу қабынуды басуға, тұрақты ремиссияға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Дегенмен, басқа да дерттер секілді, ауруды емдегеннен, ауырмайтын жол іздеген әлдеқайда жеңіл. Буындар артриті мен артрозының профилактикасы көптеген буын ауруларының алдын алуға көмектесетіні сөзсіз.

Артроз бен артрит профилактикасы жөнінде кімдерге алдын ала ойланған жөн

Буын аурулары профилактикасы келесі адамдарға маңызды:

  • Физикалық жүктемелерге байланысты жұмыс істейтіндерге;
  • Инфекциялық аурумен ауырғандарға;
  • Дұрыс тамақтану әдебін сақтамайтындарға;
  • Соңына дейін емдемеген дерттері бар адамдарға;
  • Семіздікке шалдыққандарға;
  • Артериалды гипертензия, диабет,өзге де эндокринді жүйе ауруларымен ауыратындарға;
  • Үнемі стресстік жағдайға ұшырайтындарға.

Артроз бен артриттің алғашқы профилактикасы

Алғашқы буын жарақаттарының және ауруларының профилактикасы дені сау адамдар үшін де өте маңызды. Профилактикалық жүйелі шаралардың ішіне кіретіндер:

  • Шынығу, вакцинация және инемен емдеу арқылы иммунитетті көтеру;
  • Пайдалы заттармен қанықтырылған тағамдарды, биологиялық белсенді қоспаларды тұтыну;
  • Белсенді өмір салты – ұзақ уақыт таза ауада серуендеу, жүзу, ағзаға салмақ түсірмейтін спорт түрлерімен айналысу;
  • Инфекциялық немесе басқа да аурулар кезінде дәрігер кеңесін орындау: уақытылы сараптамалардан өтіп, ұсынылған ем-шараларды жасау, толық айыққанша дәрілерді қабылдау, демалыс уақытын сақтау;
  • Жұмыс барысында, спортпен айналысқанда және тұрмыста жарақатардан сақтық шараларын есте сақтау;
  • Дене салмағын бақылауда ұстау;
  • Сапалы және мезгілге сай киіну;
  • Зиянды әдеттерден бас тарту.

 
Екіншілік профилактика

Екіншілік буын профилактикасы бойында буын аурулары бар адамдарға арналған. Ол аурудың ары қарай асқынуының алдын алып, жалпы иммунитетті нығайтуға бағытталған. Екіншілік профилактикаға кіретін шаралар:

  • зақымданған буындарға түсетін жүктемені азайту;
  • емдік гимнастика жаттығуларын жасау;
  • ортопедиялық көмекші құралдарды пайдалану (таяқтар, корсеттер, ортопедиялық төсеніштер және т.б.);
  • препараттармен және хондропротекторлық препараттармен терапия;
  • қолмен емдеу (зақымдалған аймақтарға физикалық әсер ету);
  • массаж терапиясы;
  • ревматолог дәрігер ұсынысы бойынша спорттық іс-шаралар;

Алғашқы профилактика шаралары бұл кезеңде де өте маңызды рөл атқарады (буындардың жағдайына қарай, белсенді өмір салтын ұстану; дұрыс тамақтану, оның ішінде биологиялық белсенді қоспалар; зиянды әдеттерден бас тарту және т.б.).
Тұрақты медициналық тексеру - ауруды ерте кезеңде анықтауға көмектесетін ең тиімді шара. Ол профилактикалық тексерулерді, сынақтарды, КТ және басқа зерттеулерді қамтиды. Дәрігер денеде ауытқулар бар-жоғын және сізге буындардың қандай профилактикасы тиімдірек болатынын анықтауға көмектеседі.

Буындарға жүктемені қалай жасаған дұрыс?

Аяқ-қол саусақтарының, жамбас, иық, шынтақ және тізе буындарының артроздары мен артритінде шамадан тыс физикалық белсенділік жасауға тиым салынады. Бірақ ұзақ уақыт бойы мүлде қимылсыз болу да денеге зиян келтіреді: дәнекер тіндер серпімділігі мен қозғалғыштығын жоғалтады.
Негізгі ұсыныстар:

  • күштік спорт түрлерінен бас тарту (ауыр атлетика, пауэрлифтинг, күш салу элементтері бар фитнес және т.б.);
  • емдеуші дәрігермен келісе отырып, зақымдалған аяқ-қолдардың қозғалғыштығын сақтауға мүмкіндік беретін арнайы дене жаттығулары кешенін орындау;
  • емдік денешынықтыру алдында міндетті түрде жеңіл жаттығу жасау;
  • жаяу жүру кезінде буындарға жүктемені біркелкі бөлу үшін ортопедиялық табаны бар ыңғайлы аяқ киім кию;
  • жаттығу ұзақтығын біртіндеп ұлғайту (10 минуттан немесе одан да көп);
  • жеңіл спорт түрлеріне – жүзу, велоспортқа басымдылық беру.

 
Биологиялық белсенді қоспалар – буын ауруларының профилактикалық құралы ретінде

Биологиялық белсенді қоспалар – дәнекер және сүйек тіндерінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті витаминдердің, минералдардың, аминқышқылдарының және басқа қоректік заттардың қосымша көздері болып табылады. Буын ауруларын емдеуге арналған таблеткалардан айырмашылығы, биологиялық белсенді қоспалар бірқатар артықшылықтарға ие. Олар:

  • олар барлық жүйелер мен органдарға кешенді және пайдалы әсер етеді, қабынуды жергілікті түрде жеңілдетуге және ауырсынуды азайтуға арналған препараттардан айырмашылығы, жалпы ынталандырушы, қалпына келтіретін және күшейтетін әсерге ие;
  • бауырға теріс жүктемесі бар дәрілерден және синтетикалық витаминдерден айырмашылығы, оның жанама әсерлері жоқ;
  • құрамында синтетикалық компоненттер жоқ - табиғи, өсімдіктерден алынған сығындылар шикізат ретінде қызмет етеді.

Сондықтан профилактика үшін не ішу керек деген сұраққа жауап бергенде, биологиялық белсенді қоспаларды ұсынған дұрыс. Алдын алу мақсатында қауіп тобындағы адамдарға, сондай-ақ артрит немесе артроз диагнозы қойылған адамдарға витаминдер мен қоректік заттар бар тағамдық қоспаларды қабылдау ұсынылады:

  • D дәрумені - оның жетіспеушілігі остеохондрозды тудырады, дәнекер тіндерінің икемділігін төмендетеді. Д витамині жетіспеушілігі кезінде биік өкшелі аяқ киім кию – тізе буындарының қабынуына әкеледі. Оның ересек адам үшін орташа тәуліктік доза 600 ХБ құрайды. Витамин теңіз балығында, сиыр етінде, бауырда, жұмыртқаның сарысында кездеседі;
  • бромелаин - ананастың қабаттары мен жемістерінде түзілетін фермент. Қабынуға қарсы әсері бар, дәнекер тіндердің жаңаруына және қалпына келуіне ықпал етеді және буындардың қабынуын жеңілдетеді.

Буын ауруларының алдын алу үшін ұсынылатын биологиялық белсенді қоспалар:

  • қара зере майы – минералдардың, витаминдердің, аминқышқылдарының, күрделі липидтердің және басқа да пайдалы заттардың табиғи көзі болып табылады. Ол қабынуға қарсы, қалпына келтіретін әсерге ие, эндокриндік және иммундық жүйелерге пайдалы әсер етеді. Синтетикалық және ГМО компоненттерінің болмауына байланысты қосымша жанама әсерлер тудырмайды, оны тіпті балалар да қабылдай алады;
  • қыст аль-хинди  – костус тамырын өңдеу арқылы алынатын қоспа (дәрілік қасиеттерімен танымал шөптесін тропикалық өсімдік). Ол жалпы сауықтыратын, қабынуға қарсы, иммуномодуляциялық әсерге ие. Оның құрамында каротин, кальций, фосфор, темір, калий және басқа минералдар, А, В, С, Е, D топтары витаминдері, эфир майлары, белоктар және басқа да органикалық қосылыстар бар.

Бұл қоспаларды тұрақты түрде (курспен) пайдалану буындардың жағдайын айтарлықтай жақсартады, артрит пен артроздың жақсы профилактикасы болып табылады және тізе, шынтақ және иық буындарындағы ауырсынуды ұзақ уақыт ұмытуға мүмкіндік береді. Қара зере майымен емдеу курсын қалай таңдау керектігі туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз. Қыст Аль-Хинди қоспасы туралы да өзекті ақпарат жеке мақалада берілген.

Оставьте заявку
мы с вами свяжемся

Нажимая на кнопку "ОТПРАВИТЬ", я даю согласие на обработку персональных данных