ЖШС «ХАЛАЛ ДАМУ»
Сертификатының артықшылықтары
Халал стандартына сәйкес азық-түліктерді, сондай-ақ тағамдық қоспаларды дайындау және қайта өңдеу кезінде гигиена мен санитарлық тазалықты қатаң сақтау;
Білікті мамандардың тәжірибесі;
Халал стандарттары бойынша адам денсаулығы үшін қауіпсіз деп саналатын шетелден алынған ингредиенттер.
ҚМДБ "Халал Даму" ЖШС мамандары халал өнімдерін өндіру, әзірлеу, маркетинг және сапасына қатысты кез-келген мәселе бойынша өндірушілерге көмек көрсету үшін тегін, тұрақты семинарлар, түсіндіру және ақпараттық жұмыстар өткізеді;
ҚМДБ "Халал Даму" ЖШС сертификаты Қазақстанда, сонымен қатар алыс және жақын шет елдерде маңызды құжат болып табылады;
Біздің стандарттарға сай келетін кәсіпорындар ҚМДБ "Халал Даму" ЖШС логотиптерімен өнім шығаруға құқылы;
Сертификатталған кәсіпорындардың тізімі halaldamu.kz сайтында және "Халал Даму" ұйымының әлеуметтік желілерінде жарияланады.
ҚМДБ "Халал Даму" ЖШС келесі жағдайларда өндірушілердің Халал стандарттарына сәйкестігін анықтайтын сертификат беруден бас тартады:
– Өндіруші шариғат заңдарын және халал стандарттау талаптарын бұзғанда;
– Халал сертификатында көрсетілген талаптар орындалмағанда;
– Сертификаттың күшін жою, қолданылуын тоқтату.