BIOHAYAT

ҚАРА ЗЕРЕ ИММУНИТЕТТІ АРТТЫРУ ҮШІН

Дені сау адамның сенімді қорғаны бар – қоршаған ортаның агрессорларын тежейтін, ағзаның қорғаныш қалқаны, бұл - ИММУНИТЕТ. Денсаулыққа зейінмен қарап, иммунитетті сақтау өте маңызды, өйткені оның оңды жұмысы мен ішкі органдардың жұмысы тығыз өзара байланысты. Иммундық жүйенің патологиясы ауыр ауруларға, оның ішінде онкологиялық ауруларға әкелуі мүмкін. 

Иммунитетіміз қалай әлсірейді?
Иммунитет тапшылығының көптеген себептері бар:
 - дұрыс тамақтанбау,
 - майлы тағам ішу,
 - ауыр диеталар,
 - дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі,
 - созылмалы аурулар,
 - бауыр және бүйрек аурулары,
 - тұрақты стресс пен күшті әсер ететін түрлі препараттарды қабылдау,
 - ішімдік ішу,
 - темекі шегу,
 - қоршаған ортаның ластануы,
 - тіпті кариестің өзі иммундық жүйенің жұмысына теріс әсер етуі мүмкін.

Әлсіреген иммунитеттің белгілерін тану өте оңай.
Кіші-гірім белгілері: жылдам шаршағыштық, аурушаңдық, ангина, созылмалы шаршау, ұйқысыздық немесе керісінше ұйқышылдық, бас ауруы, тітіркенгіштік, апатия, бұлшық ет пен буындардың қақсауы, тұрақты пайда болатын ұшық және т. б. Осы симптомдардың бірі үнемі қайталана беретін болса, иммунитетті нығайтумен шұғыл айналысу қажет. 

Иммунитетті қалай арттыруға болады?
Басты ережелердің бірі – спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, иммуномодуляция препараттарын пайдалану иммунитетті арттыруға ғана емес, сонымен қатар ауру жиілігін азайтуға көмектеседі. Шипасы мол өнім ҚАРА ЗЕРЕ 1400 жылдан астам уақыт бойы түрлі ауруларға емдік қасиетімен белгілі. Қара зерені ғасырлар бойы пайдаланса да, соңғы 50 жылда оның шынайы әлеуеті айқындалып келеді. Зерттеу көрсеткендей, тмин ағзаның қорғаныс қасиеттеріне жауап беретін айыр безінің жұмысына оң әсер етеді. Табиғи иммуномодулятор, иммуностимулятор бола отырып, интерферон, иммундық жасушалардың өндірілуін ынталандыратын табиғи және ағзаға жұмсақ әсер ететін, сүйек кемігінің өндірілуін ынталандыратын, қан құрамының жақсаруына ықпал ететін, еркін радикалдармен күресетін, ДНҚ деңгейінде иммундық жүйені реттейтін, осылайша көптеген аурулардың шипасы болып саналатын бірегей өнім. Зере - бұл белсенді компоненттердің бай көзі. Онда витаминдер мен минералдар, алкалоидтар, полифенолдар, аминқышқылдар, фосфолипидтер, кумариндер, фитостериндер, терпендер, сапониндер, омега-қышқылдар, флавоноидтар, илеу заттары, энзимдер және тағы басқа біздің ағзамыздың жұмыс істеуіне және оның денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқаратын биологиялық белсенді заттардың жарты жүзден астамы бар. Зере құрамындағы бірегей элементтердің жиыны ағзаның табиғи балансын бұзбай, жүйелерде жұмыс істей бастайды, сондықтан жанама әсерлерді тудырмайды. Сонымен қатар, зере ағзадағы ауруларды емдеумен қатар, болашақта басқа дерттерге қарсы тұруға және ауруларға төзімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Өсімдіктің белсенді көзі тимохинон болып табылады. Ол ағзаны қорғау мен оның ауруларға төзімділігін қалыптастыруда негізгі рөл атқарады, иммундық жүйені ынталандырады және ісіктердің өсуін баяулатады, инфекцияға немесе обырға иммундық реакцияда басқа да негізгі жасушалардың өміршеңдігін және қызметін арттырады. Зерттеулер төрт апта бойы күніне екі рет қара зерені 1 граммнан қабылдауынан кейін, Т-жасушалар өсуінің және функционалдық белсенділіктің жасушалық арақатынасының 72% - ға ұлғаюын көрсетті. 4 аптада қара зерені тұтыну қан эритроциттерінің және жасушалар-киллерының 72% - ға арттырылғаны байқалады. Зере көптеген ауруларға көмегі зор, соның ішінде иммундық аурулар мен қабынуға. Ұйқы безі обырымен күресуде зерттеулер керемет нәтиже берді.Сонымен бірге, зере бауырға да (сүзу жүйесіне) жағымды әсер етеді. Демек, зерені дұрыс қабылдау дені сау адамға да өте пайдалы. Қара зерені күзде және көктемде аурулардың алдын алу, профилактика мақсатында қабылдауға ұсынылады.

ЗЕРЕНІ ҚАЛАЙ ТАҢДАУ КЕРЕК? (Қандай шарттарға байланысты)
Табиғи қара зере майын, қоспасыз, суық сығымдау арқылы жасалынғанын сатып алу өте маңызды.
"BioHAYAT" қара зере майы барлық стандарттарға сай келеді:
- Cуық сығымдау арқылы тек жоғары сорттан өндіріледі,
- Бояғыштар, консерванттар және химиялық қоспаларсыз,
- Желатинді капсулалары «халал» стандарттарына сай 

Қабылдау алдында биотехнологтың кеңесі өте маңызды, себебі (сирек жағдайда) қарсы көрсетілімдері бар.
BioHAYAT биотехнолог мамандарының кеңесі тегін, сондай-ақ біз Сізге жасыңыз бен көрсеткіштеріңізге байланысты қабылдау курсын тағайындай аламыз.

Биотехнологқа сұрақ қою